TikTok – әлеуметтік желі аясынан шығып, енді үлкен экрандардарға жол тартпақ! Фильмнің идеясы жас блогерлерге тиесілі. Басты рөлдерді де аталмыш желі жұлдыздары сомдайды. Соның бірі - «Cool Qazaqs» хауысының мүшесі Ғайни Жарылқасынова.
Ғайни Жарылқасынова, тиктокер:
- Қазір TikTok енді актуальный тема болып жатқан соң. Түсіріп жатыр ғой, актив көтереді да. TikTok деген бір сөз уже актив көтеріледі ғой. Негізі осы TikTok фильмді тинейджер осы 14-20 жастағы адамдар көруі мүмкін.
Су жаңа лентаның актерлық құрамы түгелдей дебюттанттардан тұрады. Мәселен, танымал веб-сериалдардың кейіпкерлері Азат Жұмаділ мен Ербол Әлмұқан үшін, бұл үлкен кинодағы алғашқы тәжірбиелері.
Ербол Әлмұхан, актер:
- Арнайы шақыртумен келдім. Оның алдында сериалға түскем ютубта. Содан көрген шығар может быть білмеймін. «Сержан Братан» болды ең алғашқы түскен дебютым. Сол менің бағымды ашқан деп ойлаймын.
«Aool House» комедиясында қоғамдағы актуалды тақырыптардың бірі - жемқорлық қозғалады екен. Сюжет желісі бойынша, ауылдан келген жас тиктокерлер парақорларды әзіл арқылы әжуалайды. «Рензо» тобының әншісі Дәулет үшін де, бұл үлкен кинодағы алғашқы рөлі.
Дәулет Өзбеков, «RENZO» тобының мүшесі:
- Менің ойымша енді кез-келген бір жобаның бәрібір беретін бір посылы болады. *Бұл фильмнің де айтар өзінің ойы бар деп ойлаймын. Касса жинайды, жинамайтынын жағын ол жағын шыны керек білмеймін. Өйткені ол әрбір продюсер үшін және біз актерлар үшін де ол, кішкене қорқынышты нәрсе.
Тек актерлық құрам ғана емес, түсірілім тобы да жастардан құралған. Фильмнің режиссерлік тізгіні бұрын-соңды тек авторлық кино таспалап жүрген Дәурен Қамшыбаевқа сеніп тапсырылыған көрінеді.
Дәурен Қамшыбаев, режиссер:
- Мы смотрели на популяность на платформе... – Актерлердің ғаламтордағы аудиориясы мен танымалдылықтарына қарадық. Әрине кейіпкерлердің ең бірінші ол тәжірбие мен камерамен жұмыс істей алуы басты мақсат.
Ал, «Aool House» комедиясы келесі жылы көрермен назарына ұсынылмақ.