Бен Аффлек үшін «The Tender Bar» фильмінің орны ерекше екен. Инсайдерлердің айтуынша, дәл осы картинаның түсірілімінде актер Джей Лоға хат жазып, сезімін білдірген көрінеді. Дегенмен, фотографтардың алдына Бен Джордж Клуни және оның жары Амальмен бірге шықты.
«The Tender Bar» фильмі Клуни мырзаның режиссер ретінде таспалаған тоғызыншы жобасы.
Джордж Клуни, актер, режиссер:
- Біраз толқып тұрмын. Себебі бұл сәтті ұзақ уақыт күттім. Көрермен мені актер ретінде қалай жақсы көрсе, режиссерлық қырымды да бағаласа екен деймін. Қолдап келген әріптестеріме алғысым шексіз.
«The Tender Bar» драмасы жетім өскен жігіттің бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Онда бас кейіпкер түңгі клубтардың бірінен өз әкесін іздестіреді. «Amazon Studios» ұсынған лента 17-ші желтоқсаннан бастап әлемдік кинопрокатқа шығады деп жоспаралануда.