Әсем Жакетаева: «қызымның тәрбиесін ешкімге сеніп тапсыра алмаймын», - дейді. Сондықтан, бала күтушілерден бас тартып, ханшайымына тек өзі қарайды екен. Тіпті ол кішкентайының жан-жақты өсуі үшін бар уақытын сарп етіп, түрлі үйірмелерге қатыстырады.
– барлық уақытымды, көңілімді бала тәрбиесіне бөлемін, себебі ана бол ең басты мақсатым, отбасылы болу, ана болу, әрине қызым жан жақты өссін деп, вокал, фортепиано, балет үйірмелеріне барып жүр, оған қоса мектепке дайындығы басталды.
Ал Динара Бақтыбаева керісінше, қызының ата-әжесінің қасында өскенін қалайды. Актрисаның айтуынша, үйде кішкентайына қарасатын адам көп.
Динара Бактыбаева, актриса: Білесіздер ме маған қиын емес, себебі үйде көмекшілерім көп. Менің енем, қайын сіңілім, есімі Амина, ол 3 сыныпта оқиды, бірақ Аяшкаға үлкендер секілді қарайды. Керек кезінде тамақтандырады, ұйықтатады. Оған жарайсың деп, таң қаламын. Күйеуім бар, атам келген сондықтан қазір менің бос уақытым көп.
Динараның бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалары да бар. Актрисаның пайымдауынша: «қыздар ана махаббатымен қатар, әке қамқорлығын сезінуі керек» екен. Сонда ғана олар өздеріне сенімді болып өседі, дейді.
Толқын Забирова:
Үш ұл тәрбиелеп отырған Толқын Забирова керсінше, ер балаға көбірек көңіл бөлу керектігін алға тартады. Әнші ұлдарының болашақта азамат болып қалыптасуына септігін тигізетін – ана махаббаты деп біледі.
Толқын Забирова, әнші:
– Мен ойлаймын балаларға ең үлкен сыйлық ананың махаббаты, ананың түсінігі. Сен сол балалармен дос бола білсең оларды тек тыңдау ғана емес солардың айтқан сөздеріне мән беріп солармен сырласып әңгімелесіп, солармен дос бола білу, ол балаға ешқандай одан артық сый керек емес деп ойлаймын.