«Dior» бренді бұл жолы өзіне мүлде ұқсамайды! Мария Грация Кьюри жайлылық зонасынан шығып, әдеттегі жібек көйлектер мен түнеріңкі түстерден түбегейлі бас тартқандай!
Топтамадан неон реңктер мен жылтыр диско-көйлектер, былғары үлгілер және винил кроп-топты көбірек байқайсыз! Дизайнер де, келер көктем ашық-жарқын түстерге трендтте дейді.
Ал мінберде тың үлгілерді таныстырған топ модельдердің төбесі көрінбейді. Десе де, фэшн кешті көруге асыққан жұлдыздардың қарасы мол. Олардың арасында Наталья Водянова, Алекса Чанг, тіпті «Blackpink» тобының мүшесі Джису да бар!
Blackpink-тық Розэ болса, Saint Laurent-ның шоуынан табылды! Әйгілі сән үйі таныстырылымын Эйфель мұнарасының жанында өткізуді жөн көрген.
Жаңа коллекция жаңашылдыққа толы болды деп әсте айта алмаспыз! Алайда, «Saint Laurent» бұл жолы жабысқан комбинезон мен кең иық жекеттерге көңіл бөлген. Сондай-ақ, бұл бренд те түстерге келгенде тосылып қалмағанын аңғара аламыз.