Шынын айтамын деп, сұқбат басын байқамай сырын айтудан бастаған Талғат Жорабаев, талай тойға тығылып кіргенін мойындады. Әнші: «Тойсыз қазақты елестету қиын ғой», - деп ақталды.
Талғат Жорабаев, әнші:
– Болып жатыр енді. Өздеріңіз білесіздер ғой, барлығы әйтеуір есікті жауып алып, артынан кіріп болсын той жасап жатыр. Бұйыртқан тойдан қалмай жүрміз.
«Тығылып ешқайда да бармадым», - деген Мырзахан Махановты тойдан таптық. Әнші: «Тек туған-туыс, дос-жаранның жақсылықтарында жүремін»,-деп ағынан жарылып алып, жасырын салтанаттарда болатынын айтып қалғандай болды.
Мырзахан Маханов, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Е бір болып жатқан концерт жоқ. Тойымыздың жағдайы мынау. Бір жерге барсаң, ұрлық істеген адам құсап, қорқып-үркіп жүресің. Тойға шығып жүрген жоқпын. Шықпаймын.
Ал соңғы кездері заңмен көп қиындықтарға тап болып жүрген Кентал алғашқыда жаңа қаулыға қатысты ойын ашып айтудан қымсынғандай болды. Бірақ әнші сөзінің соңында тойды қатты сағынғанын айтып қалды.
Кентал, әнші:
– Енді ол жағын білмеймін мен енді. Былай да айта алмаймын, былай да айта алмаймын. Әрине біз сағындық тойды. Себебі біз сондай халықпыз ғой. Тойға үйренген. Салт-дәстүріміз соған сәйкес келетін. Тойды өткізуге қайтадан рұқсат беру керек. Ол синий болсын, жасыл болсын, қызыл болсын.
Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде думанды-мерекелерге барып, айыппұл арқалаған атақтылардың ішінде: Қайрат Нұртас, Бүркіт, Мейіржан Төребаев пен Дана Есеевалар да бар.