«On togyz Toksan bir» шығармашыл адамдарға арналған ашық алаң! Бұл кеңістікте тек қана музыканттар ғана емес, кез-келген талант тегін түрде өнерін көрерменге ұсына алады. Жоба мақсаты - ойлары бір, креативті жандар арасында байланыс орнату.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Бұл ашық барлық әртістерге блогерлерге адамдарға, бұл жерде бұл алаңы біріктіруші құрал ретінде болу керек. Әсіресе осы 30 жылдыққа байналысты бізге қатты басымызды бірігу керек, ауызбірішілік болу керек. Сол үшін.
Ал аталмыш алаңда алғаш болып «Орда» тобы өнер көрсетті! Әйгілі ұжым толық құрамда болмаса да, Дастан Оразбеков пен Ерболат Беделхан кештің көркін қыздыруға тырысты. Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы құттықтап келген Дастан, әріптесінің мұндай идеясын бірден қолдаған.
Дастан Оразбеков, әнші:
- Менің ойымша өнер адамына егер шынымен де көрерменін табатын алаң болса ол міндетті түрдле болу керек деп ойлаймын. Себебі қазіргі заман, қазіргі заманауи бағыт өте қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан да, біздің кезімізде деп айтпай-ақ қояйын жалпы ескіден алып қарайтын болсақ алаң өте аз болатын.
Беделханның туған күнінен сондай-ақ, кью-поп өкілдерінің көбісі табылды. Онда DNA, экс-EQ де бар. Жұлдызды патиге өзінің жары Камиланы ерте келген Еско бұл сахна өзін таныта алмай жүрген жастарға жақсы мүмкіндік екенін айтады.
ESKO, «EQ» тобының экс-әншісі:
- Біріншіден. біз бұл жерде көптеген әртістер, музыканттар, тиктокерлер, стендаперлер барлығы жиналып жатыр. Бұл Ерболат Беделхан ағамыздың арқасында осындай музыкалық өнер адамдарына особено арналған және бұндай Қазақстанда жоқтың қасы алғашқы ашылып жатқандардың бірі деп ойлаймын өзім.