Экс-кешьюлік Балжан Бидаш бүгінде шоу-бизнесте өз орнын тапқан әншілердің бірі. Бірақ Балжанның 2007 жылы аранжировка жасау арқылы алғашқы айлығын тапқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Ол кезде өнер өкілі 7 сынып оқыпты.
Балжан Бидаш, әнші:
– Біздің үйде студия болатын. Ауылда. Сол студияда мен кішігірім аранжировка, плюсовка жазып ақша тапқанмын. Одан кейін тойға шықтым.
Алматының қақ ортасынан 2 бірдей үй, түрлі автокөліктер мен бизнес. Елдос Қадірханов бұның бәріне бірден жете қойған жоқ. «Қара жұмыстың біразын істеп шықтым», - деген ол қаражаттың көзі кәсіпте екенін түсінген.
Елдос Қадірханов, вайнер:
– Бензин заправкада мен пистолетчик болып жұмыс істедім. Бензин құйып беретін. Сөйтіп бензин құйып жүріп фарт... Бізде қазір айлыққа жұмыс істейді ғой. Бізде ол кезде айлық жоқ. Машинадағы адамдар, водительдер не береді, соны алатынмын. Сөйтіп мен өзім күзге киім алып алғам. Басында ұялатынмын, содан кейін өзім сұрап алатын болдым.
Ал Әйгерім Қалмұратова актерлық мансабындағы алғашқы гонорарын есіне түсірді. «Бір айлыққа қарап жүрген уақытта, сол киноның табысы қажеттілігімді жабатын», - дейді өзі.
Әйгерім Қалмұратова, актриса:
– 2011-2012-де алғаш эпизодқа түскем. Ол 10 жыл бұрын осыдан. Ол кезде күніне 5 мың теңге алатынмын. Бірақ оның өзі жететін маған. Енді ол 10 жыл бұрын ғой. 5 мың теңге деген мен үшін де жақсы ақша болатын. Ол кезде одан бөлек мен банкте жұмыс істедім. 17 мың теңге болатын зарплатам. 17 мыңды бір айда алам, ал 5 теңгені мен 1 күнде алам.