Бүгінде Айқын 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке! Өнер иесі төрт бүлдіршінін бөліп-жармай, әрдайым бәріне бірдей сыйлық жасауды жөн көреді. Өнер иесі тіпті балаларының әрқайсысына жеке-жеке пәтер алып қойғанын айтады.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым төтреуіне де Алматы қаласында төртеуінде де пәтер бар.
Жеңісхан Момышев та қазірден бастап бүлдіршінінің болашағына алаңдайтын әкелер қатарында! Келешекте қызының каскадер болғанын қалаған ол тұңғышының туған күнін Алматы циркінде дүркірете атап өтті. Ал кішкентай Зеренің тұсауын «Nomad Stunts» каскадерлер командасының директоры Жайдарбек Күнғожинов кескен еді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
- Негізі менің мақсатым Номад несінің, ағамызға тұсауын кестіріп, циркке каскадер болады деген ойдамын негізі. Кішкентай кезінен атқа мініп, ауыл жоқ қой енді бізде, сол жерден атты да біліп, атқа отыруды, гимнастиканы бәрін сол жерде білсе деген мақсатым солай.
Динара Сатжан да кенжесі Дианананың әр туған күнін үлкен мерекеге айнылдырады! Ханшайымын кішкентайынан сән әлеміне баулыған ол қызына бағалы брендтік киімдерді тарту етеді.
Бағалы смартфон, түрлі гаджеттер! Алан Черкасов қазіргі заман талабына сай өмір сүру үшін, балалардың да трендтен қалмауын құп көреді. Одан бөлек, шоумен қызы Арнелаға да қымбат киім үлгілерін сыйлап тұрады екен.
Алан Черкасов, шоумен:
– Бірақ балаларымызды еркелетсек, үлкендер қатты сынап жатады. Мен түсінемін, олардың заманы мүлде басқа болған. Бірақ қазір 21-ші ғасырда барлығы қолжетімді, сондықтан неге балама ең қымбат киім алып бермеске?