Көштен қалмау керек! Бұл бүгінгі бренд қуалаған шоу-бизнес өкілдерінің ұстанымындай. Жаңа дүние шықса, ең бірінші әртістердің қолынан көреміз. Мысалы, күні кеше ғана презентациясы өткен іРhone 13-ке әнші Сиситай алдын ала тапсырыс беруді ойлап жүр екен.
С.С.TАY, әнші:
– Предзаказ жасамадым. Өзіме 1 жыл бұрын айфон 12 сыйлаған болатынмын. Сол маған әзірге жетеді. 13-ті аламын деп ойламаймын. Өйткені... Шүкір. Мүмкін мамама сыйлап қалармын. Бірақ өзіме емес.
Тұрар Ыдырыс та іРhone 13 алудан үмітті. Бірақ бұл бренд қуалағандықтан емес, қажеттіліктен туындап отырған мәселе екен. «Смартфоным сыр беріп жүр», - деген ол, ашық сатылым басталғаннан кезекке бірінші тұратын жұлдыздардың қатарынан.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Жалпы бренд құмармын деп айта алмаймын. 13-ті алатын шығармын. Өйткені мен 12-ні алған жоқпын. И 13-ті прямо күтіп алатын шығармын деп ойлаймын. 11 про макспен жүрмін. Негізі телефоның жақсы істеп тұрса, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Өйткені ол жыл сайын ауыса беретін нәрсе ғой. Просто менде қазір телефон дұрыс емес істеп тұр.
Ал Мәди Рымбаев тіпті эпл тұсаукесер жасап жатқанынан бейхабар болып шықты. Әнші: «13-ті алу-алмауым екі талай»,-дейді. Оның себебін Мәди былай түсіндірді:
Мәди Рымбаев, әнші:
– Мен даже предзаказ қалай жасайтынын білмеймін да. 12-мен жүрмін. Білмеймін телефонымның состояниесіне қарай көретін шығармын. Әзірше айта алмаймын. Өйткені менің қаражатым жағынан қалай болатынын.