Tom Ford Нью-Йорктегі сән апталығының соңғы нүктесін қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Минимализмге жол жоқ, жасасын жарқын образдар! Дәл осы сөздер Марк Джейкобстың жаңа топтаманы әзірлеуде басты ұранына айналғандай. Том Фордтың су жаңа коллекциясын есте қалары сөзсіз!

Атлас, мақпал, жылтыр маталар мен жарқын түстер! Әйгілі бренд келер жылдың көктем-жаз маусымын осылай көреді. 90-шы, 2000-шы жылдар сәнінен сыр шертетін коллекцияда кең етекті және қысқа балақты шалбарлар, түрлі пішімдегі жейделер көптеп кездеседі.

Жаңашылдыққа толы топтаманы Джиджи Хадид, Джоан Смолс сынды әйгілі сәнбикелер таныстырды. Ал фэшн кештегі көңілді атмосфера көпке ұнағаны сөзсіз! Еске салсақ, Том Фордтың туындыларын Джулианна Мур бастаған жұлдыздардың өзі алдыңғы қатардан тамашалады.