«Fast fashion», яғни апта сайын ауысып отыратын жедел мода енді трендте емес! Пандемия көп адамға, әсіресе сән саласы өкілдеріне ой салғандай. Енді, дизайнерелер киімдердің функционалдылығы, саналы тұтыну мен бір үлгіні бір маусымнан астам қолдануға асa мән беріп отыр.
Ерлердің гардеробында бұл күз-қыз маусымында тоқылған киімдер көптеп болуы тиіс! Жылы жейделер мен мойны бар жемпірлер сәнде! Сондай-ақ, стилистер өткен жылдан бері трендттен түспей келе жатқан қонышы ұзын етіктерді киюге кеңес береді.
Айтпақшы, бас киімдер де бұл күз және қыс маусымының таптырмас аксессуарына айналмақ! Оның түрлі үлгісін Диор, Селин брендттерінің топтамасынан кездестіре аламыз.
Нәзік жандылар қауымы болса, көлемді ішіктер сатып алса, еш ұтылмайды! Алайда, есіңізде болсын жануарлар терісі емес жасанды жолмен жасалған үлгілер сәнде! Табиғатқа залалды тигізбей-ақ, жарқын түстермен трендде болудың керемет үлгісін әсіресе Dolce&Gabbana көрсеткендей!
Сондай-ақ, сән қуған сылқымдар көлемді бомберлер мен сырмалы күртешелерге таңдау жасаса болады! Аруларға да дизайнерлер тоқылған киімдерге көбірек көңіл бөлуге кеңес береді.