«Barbie Girl!» Айридің қуыршақтың кейпіне енуі жайдан-жай емес. Шетелдік стилистер әншінің су жаңа альбомының мұқабасы үшін, бір емес бірнеше жарқын образ ойластырған.
Ayree, әнші:
– Жаңа әндер өте көп жазылды. Әр жанрда, лирикалық жалпы заманауи бағыттарда бар. Сондықтан еді біз әр түрлі образдарды бүгін кидік. *01:53 Былай айтсақ, шынайы Айри негізі әр түрлі образдарда жалпы көрермендерге ұсынған болатын.
Ал Айридың мұқабаға ерек образ таңдауының себебі де бар! Енді ол әндерін орыс тіліне аударып, ТМД-ға таратпақ. Одан бөлек, туындылардың қытайша нұсқасы да әзірленіп жатқан көрінеді.
Әншінің продюсері болса, жобасының коммерция жағынан да тиімді болғанын қалайды. Енді ол Айридің шығармашылығын монетизациялауды мықтап қолға алмақ.
Руслан Әдбіқалиев, продюсер:
– Дистрибьютерлік компаниялар қырсыққанымнан өзім бөлек компания ашып алдым. Кәдімгідей өзіміздікін өзіміз жасаймыз. Бәрін полный аналитика, бәрі отчеты, бәрі өзімізде. За то таза көріп отырамыз да.
Руслан болашақта «AYREE» есімін брендке айналдырмақ ниетте. Жоспарда жеке студия ашып, шет тілдегі үнтаспалары мен мерч шығару идеясы бар.