Бүгінде интернет кеңістігін бағындырып болған блогерлер, киноиндустрияға бет алған. Соның бірі - Артур Асқарұлы. Вайнерге «Дос мұқасан» фильмінде басты рөлдің бірі бас гитарашы Шәріп Омаровты сомдау сеніп тапсырылған.
Артур Асқарұлы, блогер:
– Ең бірінші достарымның бәріне менімен қазақша сөйлесуді өтіндім. Себебі бұл проект қазақ тілінде түсіріліп жатыр. Ал физикалық тұрғыда мен 10 кг салмақ тастадым. Гитарада ойнап, ноталарды үйрендім. Нені білуім керек болды, барлығын үйрендім.
Желі жұлдызы әрі беташаршы Қабдол Тілеков те жақында ғана «Хотя бы кинода» фильміне түсіп дебют жасады. Толқыметрдегі алғашқы рөлі үшін әзілкеш тіпті шашын бояп, дреды жалғаған.
Қабдол Тілеков, беташарист, блогер:
– Кішкене рисковать еттім, потому что мен осындай киноға дейтін күнде шақырып жатпайды. Күнде шақырмайды. Өмірімде бірінші рет, соңғы рет шығар деп ойлаймын.
Ал Терри Тима вайннан бөлек, актерлық мансабын бастап кеткеніне 4 жылдай уақыт болған. «Все из-за мужиков» толықметражды фильміндегі рөлінен кейін де бірнеше киноға түсіп үлгерген. Соның бірі Асхат Бисембин ұсынған «Суперагент келинка» туындысы.
Terri Tima, блогер:
– Инстаграмдағы аудиторияма бұл жаңа нәрсе болатын сияқты. Мен вайндарымда әр түрлі рөлді сомдаймын. Әйелдің де, атаның да, әженің де образдарда ойнаймын. Оқырмандарыма өтетін шығар деп ойлаймын, мені жаңа қырымнан көреді.
Сондай-ақ, Темірхан Асылбекті жыл соңында көрермен назарына ұсынылатын «3 дня до Нового Года», «С новым годом девчонки» картиналарынан да көре аламыз.
Terri Tima, блогер:
– Менің қатысуыммен бірден 3 толықметрлі фильм шығайын деп жатыр. Қараша, желтоқсан айындa.
Вайндары арқылы үлкен киноға келген желі жұлдыздары бұл ғана емес. Еске салсақ, Bekaeasy, Айжан Байзақова, Sekavines, Нұрлан Батыров бастаған блогерлер де толқыметрде төбе көрсеткен еді.