Карантинде жылы жаққа ұшқан құстай болып, қазақстандық өнер өкілдері де, жаппай шет елге қоныс аудару үрдісін бастады. Бір жылдан бері Аланияда жүргендердің қатарында: Алуа Қонарова, Батыр Байназаров бар. Ал Америкада соңғы 5 жылдықта тұрып жатқан Лидо да, елге сирек келетін болған.
Ал актер Санұржан Сүлейменов 20 жасында күйзеліс дендеп, өзін іздеу мақсатында бір күнде «Мәскеуге кетемін» деп шешім қабылдапты. Ресей астанасында 1,5 жыл тұрған актер: «Уақытымды текке жұмсамай, талай жобаларға түстім», - дейді.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Ойлар болған жоқ, қалам деген. Өйткені Мәскеу менің қалам емес деген ойға келдім. Алматы ұнайды. Алматыда өзім өмір бойы бақытты бола алатын қала деп ойлаймын.
Санұржанның «Алматы менің қалам» деген шешімге келуіне түрткі болған тағы бір жәйт, карантин кезінде Лос-Анджелсте өткізген жарты жылы екен. Ал Динара Бақтыбаева болса керісінше, Түркияға қоныс аударғысы келеді. Бұл актрисаның арманы болып шықты.
Динара Бақтыбаева, актриса:
– Алматыдағы пәтерлер тым қымбат екен. Сол үшін көбі Түркияға көшіп жатқан шығар. Ол жақта арзан ғой. Менің де бір арманым Түркияда тұрып көру. Бір жобамен өткен жылы барып едім, қатты ұнап қалды.
Ал Ақбота-Нұр Түркияда тұру үшін емес, телехикаялар еліне шығармашылығын шыңдау үшін баруды армандайды. Ол үшін тіпті актриса түйіндемесін түрлі түрік продюсерлік орталықтарына жолдап та қойған.
Ақбота Сейтітмағамбет, әнші, актриса:
– Менде өзіндік жеке себептер бар өйткені мен Түркия елінде өзімді жаңа шыңнан жаңа актриса ретінде өзімді танытқым келеді, көрсеткім келеді. «Осындай Қазақстанда актриса, әнші қыз бар Ақбота деген» деп. Қазір енді түрік тілін жаттап жатырмыз, оқып жатырмын.
Бүгінгі таңда шет елде тұрып жатқан жұлдыздардың қатарында Ерлан Көкеев, Қайрат Баекенов, дизайнер Дана Нәби бар. Ал белгілі визажист Нұрлан Әлімходжаев Дубайдан пәтер қарап жүргенін сторисына салған болатын. Нучидың әріптесі Санди Бексырға да Түркиядан салонын ашып, бүгінгі таңда сол жақта тұрып жатыр.