Бүгінде блогерлер арасында онлайн курс өткізу трендке айналған. Мәселен, инстаграм арқылы Айым Сейтметова бет әрлеуді үйретсе, әнші Фариза Ескермес қыздарға арналған «Женщина Муза» атты марафонын ұйымдастырып жүр.
Әйгерім Қалмұратова, актриса:
- Шынымен де трендте ғой ол нәрсе. Бірақ менің ойымша инстаграмда жұмыс істейтін жандар, актерлар болсын, әншілер, блогерлер қазір бәріміз активно инстаграмда жұмыс істеп жүр ғой. Сол себепті инстаграмда жұмыс істейтін жандарға керек деп ойлаймын.
Әйгерім Қалмұратова инстаграмда белсенділігін арттыру үшін «маркетинг» бойынша ақылы курс өтуге қарсы еместігін айтады. Бүгінде сұранысқа айналған бұл үрдісті Кентал да құптайтын көрінеді.
Kental, әнші:
- Ақша тауып жатса осындай, күн көрісін көрсе, мысалы сабақ беріп біреуге мен оған қарсы емеспін. Себебі қазіргі уақытта кішкене қиын болып қалды өнер жағы. Себебі көп мейрамдар жоқ болып кетті, карантин. Сондықтан тапсын.
Ал Жеңісхан Момышев блогерлердің онлайн курс өткізуін ақша табудың амалы санайды. Сондықтан, режиссер желі жұлдыздарынан емес, ресейлік мамандардан сабақ алуды өзі үшін пайдалырақ санайды.
Жеңісхан Момышев, режиссер, әнші:
- Блогерларлан курс алмаймын. Білмеймін ол жағына көп жақын емеспін. Өзім біраз ойлар бар тоже Москваға барып сценаристке оқып келсем ба деген ниет бар. Енді блогерлар қазір қаптап кетті ғой. Блогерлардың алдында инстаграмщиктер қаптап кеткен. Бұл заманауи өзінің уақыты.
Желі жұлдызы Сабиркин де кезінде мастер-класс өткізгенін айтты. Ауқымды аудиториясы бар блогер аспаздық курстарын ақшаға сатып, өз білгенімен бөліскен. Ең қызығы, Сабира бүгінде ақылы сабақтарды қолдамайды екен.
Sabirkin, блогер:
- Мен жеке өзім ондай курстарға сенбеймін шынымды айтсам. Енді үйде отырып ешнәрсе жасамай ақша табу деген ол өтірік дүние деп ойлаймын өзім. Өзің еңбектенбесең блогер болудың өзі еңбек негізі. Оны көбісі бағалай білмейді ғой.
Сабиркин ақылы курсты блогерлерден алғанша, әр сала бойынша өз ісінің маманына жүгінген дұрыс дейді.