Жұлдызды ата-ана болу оңай емес! Себебі, танымал тұлғалардың балалары да әрдайым өздері сынды жұрт назарында. Сондықтан болар, шоу-бизнес өкілдері тәрбиеге келгенде мұқият болуға тырысады. Мәселен, 6 бүлдіршіннің әкесі Қыдырәлі Болманов, балақайларының күнделікті немен айналысатынына дейін біледі екен.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
- Үлкенім сол спортпен, футболмен, қазір бокспен араластырып айналысып жүр. Оған былай-былай бар демейміз. Бірақ, ақылдасамыз не істемек ойың бар, қайда бармақ ойың бар деген сияқты.
Осылайша балаларын түрлі үйірмелерге қатыстыратын Қыдырәлі мен Қарақат ұлы-қыздарының жан-жақты болғанын қалайды.
Есесіне, Айдана Меденова 2 балапанын кішкентайынан өнерге баулып жүр.
Айдана Меденова, әнші:
– Менің күйеуім де өнерден алыс емес. Екеуіміз де сол жақтанбыз. Сондықтан екеуі де: «Яблоко от яблони далеко не падает», - дейді ғой. Ұлым да, қызым да ән айтады, би билейді. Ритм четкий. Слухы четкий.
Жұлдызды ата-ананың тағы бірі Баян Мақсатқызы! Әйгілі продюсердің қос қызы да көпшілікке танымал. Алагөзова ханшайымдарына мүлде шектеу қоймайтын болып шықты.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Менсіз де, өмірдің тыйымдары жетерлік. Өмірде көптеген нәрселерді істеуге болмайды, белгілі бір дүниеден шектеуің керек. Сондықтан, қызыма былай істе деп, еркіндігіне тұсау салғым келмейді.