«Оскар» қызыл кілемінің қызықтары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызыл кілемде Questlove-тың өзі емес, аяқ киімі жұлдыз атанды! Америкалық музыкант арнаулы жолаққа өзге әріптестері сынды туфлимен шыққысы келмесе керек. Алтын түстес кроксы киген ол, сөзсіз өзгелерден ерекшелене білгендей.

Аяқ киімімен көптің талқысына қалған жалғыз ол емес. Мәселен, Оскардың биылғы «Үздік режиссеры» мықтылығын киіммен емес, іспен дәлелдеуді құп көреді. Хлоя Чжао мәртебелі марапатқа қарапайым кроссовка мен сұр түстес көйлекпен келген.

Есесіне, өзге әртістер салтанатты кештер мен қызыл кілемдерді сағынса керек. Шоу-бизнес өкілдері бар жақсысын киіп, көптің назарын аудартуға тырысты. Соның бірі – Зендая стилисті Лоу Рошпен шараға ұзақ дайындалса керек. Сылқым Valentino-ның сары көйлегін киіп, Bvlgari-дың құны 6 миллион тұратын әшекей бұйымын таңдаған.

Ал Кэрри Маллиган мен Андра Дэй Андра Дэй, Кэри Маллиган Зария Симон кешке алтын түстес көйлек киіп, қызыл кілеммен жүріп өтті. Бұл бикештерден Лесли Одом-кіші де қалыспады. Тіпті, Лесли костьюмын әзірлеуде 24 караттық алтын жіптер қолданылғанын айтады.

Ескесіне, голливудтың өзге серілері образ үшін аса бас қатырғысы келмегендей. Себебі, Брэд Пит, Гари Олдман, Дэниэл Калуя классикалық смокинг киіп, әдеттегі дәстүрден таймауға тырысты.

Сондай-ақ, бұл кеште етегі кең, ауқымды образдармен келген бикештер де көп болды. Мария Бакалова Лора Дерн, Аманда Сейфридтің шараға әбден әзірленгені көрініп тұр.