НТК арнасынан шығатын «Сан сауал» ток-шоуында қоғамдағы дертті мәселелер, жастар және жасөспірімдер арасындағы айтыла бермейтін жағдайлар бүкпесіз баяндалады. Бағдарламаға сарапшы болып келген, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Айбарша Оралқызы: «Халық өз құқығын беске білуі керек. Сонда ағым дұрысталады», - дейді.
Айбарша Сәпиева, адвокат:
– Біздің Қазақстан републикасының азаматтары, өздерінің құқығын білуге, көбінесе тырысыпайды. Мен көп ақпараттармен байланыста боламын, сонда айтатыным, әрбір қалада болсын, ауданда болсын заң кеңселері бар. Келіп, көкейінде қандай сұрақ жүрсе, соған заңдық көмек алуға болады. Бәрі ойлайды, адвокат деген тек қана ақылы деп. Жоқ, әлеуметтік жағдайы қиын болса, оған тегін көмек көрсетіледі.
Жобада жасөспірімдердің жағдайларынан өзге, жалғызбасты аналардың да жанайқайы айтылмақ. Бұл туралы бағдарламаға арнайы қонақ болып келген, ұлын бір өзі өсірген Меруерт Түсіпбаева ашып айтып береді. Меруерт қиындықты көп көргенін, бірақ оған жәрдемдескен жандардың да аз болмағанын айтады.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
– Мен енді өзімнің баламды, былай қарасаңыз жұбайымсыз өсірдім. Сол үшін әрине, менің басымда да неше түрлі мәселелер болды. Негізі жұмысбасты әйелге, баланы жалғыз өсіру өте қиын нәрсе. Құдайға шүкір енді, менің анам көмектесті, туыстарым көмектесті.
Сондай-ақ, Түсіпбаева жаңа жобаның қоғамға берері мол екеніне сенімді. Меруерт ток-шоуда төбе көрсететін жалғыз жұлдыз емес. «Сан сауал» әр алуан сұрақтарға жауап іздеу үшін танымалдармен талай тақырыпты қозғамақ. Ал бағдарламаның тұсуы 2 сәуір күні сағат 18:30-да НТК арнасында кесілмек.