Авди Сенпайдың хакерлердің құрығына түскені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде миллиондаған оқырманы бар, желі жұлдыздарының парақшаларына, хакерлік шабуылдар көбейген. Мәселен, күллі ТМД-ға танылған 2,5 миллион фолловері бар тиктокер Әбдіқадыр Наурызбек интернетте, парақшасын жаулап алу үшін шабуылдың жиі жасалатынын айтады. Бірақ блогер: «Мұндай олқылыққа жол бермес үшін, алдын ала шаралар қолданып қойғанбыз», - дейді. Қала берді Авди, аккаунтты аман алып қалудың бірнеше әдіс-тәсілімен бөлісті.

Авди Сенпай, тиктокер:

– Қорғаныста бар ғой бәрі. Бәрін істеп қойдық. Онша атакалар болмайды. Атакаларға даже қарамаймын. Ссылкаларды вообще ашпаймын.

Тиктокер Авдидың ақылын – Салтанат Бақаева да ұстанады екен. Бақаева бұған үлкен себептің барын айтады. Өнер иесінің 3 миллион оқырманы бар парақшасына хакерлер ғана емес, алаяқтар да жиі көз тігетін болып шықты. Содан кейін әнші аккаунтын жіті бақылауда ұстайтын болған.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

– Менің суретімді пайдаланып, жұмысқа шақырған ба сондай бірнәрселер болды инстаграмда, оны көрдім. Бірақ оны сторизімде айтып қойдым бұған менің ешқандай қатысым жоқ деп. Заңды тұрғыда қорғаймын двухвазная аутификация деп жатады ғой, сондай нәрселерді істеп қойғанбыз.

Ал блогер Нұрболхан Шарапов бүгінде желідегі парақшасы емес, жеке басына шабуыл жасайтынандармен күресіп әлек. Кибербуллингтың күшейгенін айтқан әзілкеш: «Барлық дүниенің шегі мен шетін білу керек»,-дейді.

Нұрболхан Шарапов, блогер:

– Жеке өміріңді талқылап кетеді. Ол деген дұрыс емес деп ойлаймын. Халық талқылай ма, тек өнерімді талқыласын. Пікір айтылу керек. Бірақ сын пікірдің өзі, на личность өтіп кетпеу керек та.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрболханның 1 миллионға жуық оқырманы бар аккаунтын хакерлер қолды қылмақ болып, әзілкеш парақшасын әрең сақтап қалған еді.