Айқын карантиннің қатаң талаптарына қарсы шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұр-Сұлтан мен Алматының қызыл аймаққа енуіне байланысты карантин режимі қатаңдатылған болатын. Алайда мұндай шектеулерге наразылығын білдіргендер табылды. Мәселен, Айқын Төлепберген сақтық шараларын қатаңдатқанмен, вирустың сейілмейтініне сенімді. Әншінің пікірінше, қаланы жауып тастағаннан пайда жоқ.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Белгілі бір шектеу қою керек, иә, әрине 30-50 пайыз. Дистанция болу керек деген сияқты шектеу қою керек те, жіберу керек. Ал мүлде жабудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Сондай-ақ, өнер иесі шыққан қаулының кейбір пунктеріне килікті. Адам көп шоғырланатын жол транспортында сақтық шараларының сақталмайтынын тілге тиек еткен Төлепберген-тегі: «Шектеулер барлық салаға бірдей болу керек»,-деп түсіндірді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Мысалы ресторандарды 9-10 ға дейін ғана істейді дейді. Сонда 9а дейін олар отырып тамақ ішкенде сонда ауырмайды да, 9да есік жабылып сыртқа шығып кеткенде сол жерге вирус келе ма сонда? Ол өте түсініксіз қаулылар өте көп.

Өнер иесі бұған дейін мерекелелік жиын мен тойға тыйым салынғанда алғашқылардың бірі болып қарсы пікір білдірген еді. «Барлық жер жұмыс істеп жатқанда, неге біз табыссыз отыру керекпіз», - деген Айқын, бүгінде кішігірім тойларға тығылып барып жүргенін мойындады.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Тығылып, үйде болып жатқан тойларға барып жүрміз бір коттеджда, кішігірім бір 50 адамға той жасайтын адамдар. Себебі қазақтың тойымен күресе алмайсың бәрібір. Тойдан бөлек онсызда көп жерлерде адамдар қауышып жатыр, сөйлесіп жатыр. Білмеймін, кішкене жеңілдету керек сияқты. Қатаңдатылғаннан ауру азаймайды бәрібір.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері ауруханаға түсетін науқастар саны тәулігіне 300-ге жетсе, қайтадан локдаун жариялауға тура келетінін айтқан еді. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 21-ші наурыз күні карантиннің қатаң талаптары қайта күшіне енеді.