Карантинде картинасын ұсынған Жеңісхан Момышев шығынға ұшырағанын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинотеатр мәселелесін біраз уақыттан бері көтеріп жүрген продюсерлер көп! Мәселен, Жеңісхан Момышев кезінде петиция жазып, тіпті мемлекет басшысына видео үңдеу жолдаған дейді. Карантин жеңілдетілген бойда, «Базар жоқ Мексика» атты фильмін жарыққа шығарған режиссер, кассалық шығынын ақтай алмаған. Лента басы-қасы 20 млн-теңгедей кіріс көрген.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Оның алдында да айтып кеткенмін, кинотеатрлар жауып 20 процентке қойып жатыр. Аэропорт неге ашылып жатыр, ондай министрға да менде видео жолдау жасағанмын. Енді білмеймін мүмкін кинотеатрда басқа жағынан көрсеткісі келіп жатыр ма оны әлі түсінбедім. Бірақ дұрыс емес.

Жеңісхан Момышевтың «сақтық шараларын ескере отырып, кинотеатрларды 100 пайызға ашу керек», - дегеніне режиссер Медет Аманбаев та қосылады.

Медет Аманбаев, актер, режиссер:

- Кинотеатрларды әлсін-әлісін жауып жатыр да. Мен оны өз басым кішкене түсінген жоқпын, өйткені заведенияларда свободно адамдар отырады, ал кинотеатрда ашылған кезде арасында орын бар, отыруға болмайтын. Солай жұмыс істей берсе менің ойымша заведениялармен бірдей болатын сияқты.

«Патруль» телехикаясының жұлдызы киноиндустрияның шығынға ұшырап жатқанын алға тартуда. Медет Аманбаев мұндай шектеулермен тың туындылардың тұсауын кесудің де қажеті жоқ деп отыр.

Медет Аманбаев, актер, режиссер:

- Менің ойымша сақтап тұрған дұрыс. Өйткені киношниктердің айтуы дұрыс олар әрине 100 проценттік посещяемость өздері сондай жоспарлайды да. Әрине киноға кететін шығын өте көп. Оны ақтау үшін 100 проценттік толық кинотеатр керек.

Ал Рүстем Жаныаманов өзі түскен толықметрлі картиналарды тағатсыздана тосуда. Солардың бірі «Где мое кольцо?» комедиясы.

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Енді қазір шығарса киноны Айқын міндетті түрде ұтылады деп ойлаймын. Өйткені ешкім бармайды қазір, ол факт. Ол да бизнес қой. Оны да түсінуге болады. Өйткені, Айқын өзі айтты: «Мен киноны ешкімнің көмегінсіз өзімнің қаражатыма түсірдім», - деп.

Еске салсақ, Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай және Құралай Анарбекова бастаған кинопродюссерлер туындыларының тұсауын әлі күнге дейін кесе алмай келеді.