Шоу-бизнесте жас айырмашылығы бар жұптар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнесте жас айырмашылыққа қарамастан, көңіл жарастырып, жарасымды жұп атанғандар жетерлік. Мәселен, Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалидан 13 жасқа үлкен. Әнші: «Ертеректе елуді еңсергендер 18-дегі қыздарды әйел етіп алған», - дейді. Сондықтан, өнер иесі бұл үрдістен еш әбестік көрмейді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Енді қазақ халқына бұл жат нәрсе емес, қазақ халқында күйеуі мен әйелінің арасында 50 де жыл болған. Сезілмейді , сезілсе басынан бастап сезілер еді ғой. Қыздар өзінің жасынан үлкен болады көбіне енді ойы, санасы жағынан.

«Он жас бір жастай, айырмашылығы жоқ», - дегендердің тағы бірі - Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш. Экс-Кешьюлік әнші: «Алғашында актермен «аға» деп араласқанымен, «махаббат сезімі бәрін өзгертті»,- дейді. Тіпті Бидашка бүгінде жасы үлкен жұбайын «Пұсанай» деп еркелетінін желі қолданушыларының бәрі біледі.

Жахан мен Балжан, жұлдызды жұп:

- Еркелететін жерінде еркелетіп, так дейтін жерінде так деп қоятынымыз бар. Солай ма саған сезіне ма әлде? Ағамен тұрып жатқан сияқты емес па? Таңертең тұрып алып: «Сәлеметсізбе, аға» деп, «ой, сәлем жаным», - деп қалып... Ондай емес қой, иә, әйтеуір? Дым, вообще білінбейді. Мен негізі жас көрінемін ғой.

Ал әнші Динара Сұлтанның жары өзінен 17 жасқа үлкен. Өнер иесінің пікірінше жұп арасындағы айырмашылық та, махаббат та маңызды рөл атқармайды. «Ерлі-зайыптылар арасында ең бастысы сыйластық», - дейді ол.

Динара Сұлтан, әнші:

- Ең бірінші эмоцияға беріліп, махаббат бітпейді ол өлем сүйем дегенге сеніп жаңағы тұрмыс құрып жатқан жастар да бар, бірақ та ол химия секілді 1-2 жылда жоқ болып кетеді. Ең бастысы, қарым қатынастар бір-бірін сыйлау.