Көптен күткен «Грэмми» салтанатына санаулы күндер қалды! Еске салсақ, мәртебелі марапат пандемияға байланысты қаңтар айынан, наурызға ауыстырлған еді. Сондай-ақ, биыл муызкалық кеш сақтық шараларына байланысты 5 үлкен сахнадан тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша осылайша, музыканттар бір-бірінен алшақ болмақ.
«Грэммидің» биылғы триумфаторы Бейонсе болуы әбден мүмкін! Әйгілі әнші бірден 9 номинациядан дәмелі. Тіпті r’n’b орындаушының қатарынан екі туындысы «Жыл жазбасы» аталымында бақ сынауда. Бейонседе бұған дейін «Грэммиден» 24 марапат болса, 79 рет үміткер атаған-ды.
Ал «BTS» «Грэмми» сахнасында жеке әндерін орындайтын алғашқы k-pop ұжым атанбақ! Корейлік бойзбенд «Үздік дуэт» марапаты бойынша үміткер. Әйгілі ұжымға бұл номинацияда Джастин Бибер, Леди Гага,Ариана Гранде және Тейлор Свифт бәсекелес атанып отыр.
Бүгінде букмекерлік орталықтар «Грэмми» жеңімпазына қатысты ұтыс ойындарын ұсынуда. Онда «Жыл албомы» аталымы бойынша Дуа Липа 3,35 коэфицент, The Weeknd 2,0. Леди Гага 8,0 коэфицент деп көрсетілген. Бұл – аты аталған өнерпаздардың 60 пайыз жеңістен үміті бар екенін білдіреді
Сондай-ақ, биыл «Грэмми» кешінде кімдер өнер көрсететіні белгілі болды! Билли Айлиш, Cardi B, Doja Cat, Дуа Липа, Megan Thee Stallion, Post Malone бастаған әртістер сахнадан табылмақ. Еске салсақ, отандасымыз Иманбек Зейкенов «Roses» ремиксімен айтулы марапатқа үміткер атанған-ды. Күллі әлемге танылған музыкант жүлдеге ие бола ма жоқ па оны 14-ші наурыз күні «CBS» арнасынан көре аламыз.