Пластикалық хирургияға жүгінгенін жұрттан жасырмай, ашық айтып жүргендердің бірі – Балжан Бидаш. Экс-кешьюлік әншінің бір емес, бірнеше рет пышақ астына жатқаны белгілі. Бидашка былтыр ғана Оңтүстік Кореяға барып, блеферопластика жасатып келген болатын.
Балжан Бидаш, әнші:
– Жасатуымның себебі, әр адамның өзінің бойында бір сенімсіздік, жетіспеушілік тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін. Сондай жағдай менде бар. Сондықтан сұлулық үшін осындай құрбандыққа баруға шешіп отырмын.
Еске салсақ, бұған дейін Алтынай Жолдыбаева, Айым Сейтметова, Луина сынды шоу-бизнестегі біраз бикеш ота жасатқан-ды. Танымалдар арасында арулар ғана емес, бет-әлпетін өзгерткен ерлер де жетерлік. Мәселен, «Ninety one» тобының мембері Alem «блефаропластика» жасатқанын жасырмайды.
Ал шоумен Алан Черкасов пластикалық ота жасату туралы енді ойланып жүрген көрінеді.
Алан Черкасов, шоумен:
- Әрдайым әдемі, жас болып көріну кімнің болса да арманы. Сондықтан, болашақта қабағыма ота жасатуым әбден мүмкін. Медиатұлғалар әрдайым әсем көрінуі тиіс деп санаймын.
Ота жасатып, бет-әлпетін өзгертуге «EQ» тобының жігіттері де қарсы емес. Өнерпаздар: «Жан-дүниең қалап тұрса, неге жасатпасқа», - дейді.
«EQ» тобы:
- Менің ойымша, сіздің недостаток, кәдімгідей проблемаң болып тұрса жасаңыз, себебі ішіңіз қалап тұрса, сізге өмір сүру қиын болып тұрса жасаңыз. Ода тұрған дым жоқ деп ойлаймын.
Десе де, өнер өкілдері арасынан пластикалық хирургияны құптамайтындар да табылды. Құралай Анарбекова пышақтың астына түспей-ақ, сұлулықты сақтап қалуға болатынына сенімді.
Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:
- Косметология дегенде, андай операция жағынан және де басқа осындай күрделі заттардан аулақ тырысамын болуға. Өйткені әлі жаспын деп ойлаймын. Тек қана жаңағы витамин ретінде жаңағы маска массаж тек қана сондай жағдайлар.
Актриса әрі кинопродюсер үшін әсем көрінудің құпиясы әзірге косметология екен.