Жанкүйерлерінің шексіз махаббатына бөленіп жүргендердің бірі «Ninety оne» тобы. Иглз әр мембердің туған күніне тосынсый жасауды дәстүрге айналдырғаны қашан. Ал жуырда ғана фанаттар q-pop ұжым үшін ерекше тарту етті. MTV NEWS арнасының иесі Кеван Кенни иглз сұрауымен 91-ліктерден сұқбат алатынын айтты.
«Ninety One» тобы:
- Біз әрдайым айтатын нәрсе ол біздің басты жетістік осы 5 жылда жинаған - ол қырандар. Сіздер біз үшін өте маңызды әрі жылу сыйлайтын нағыз достарымызсыздар. Біз сіздерді қатты жақсы көреміз. Қолдауларыңыз керемет. Сіздер болмасаңыздар, біздің жүрек суық болатын еді. Рақмет.
Одан бөлек, «Ninety оne» тобының сұхбаты негізінде ВВС көлемді мақала ұсынған болатын. Продюсер Ерболат Беделхан, бұл да иглздың топқа деген сүйіспеншілігінің арқасында жеткен жетістігі санайды.
Сәкен Майғазиев те өз жанкүйерлерін аса жоғары бағалайды. «Бізді өшіретін де, өсіретін де халық» деген ол тыңдарманының кез келген қылығына көз жұмуға дайын. Тіпті «Музарттық» өнерпаз: «Кейде ыңғайсыз жағдай тудырып жатса да, мән бермеуге тырысамын»,- дейді.
Сәкен Майғазиев, ҚР Мәдениет қайраткері:
- Енді мені солай жақсы көреді деп қабылдаймын да, болды. Мені жақсы көрмесе, ол менің қасыма келмес еді. Кейбір адамдар болады жұлқылап жақсы көреді. Құшақтап, қылқындырып. Оның барлығын мен дұрыс қабылдай аламын.
Алайда, фанаттарының ессіз махаббатына қуанатындар көп емес. Мәселен, Меруерт Түсіпбаева, парақшасында тоқтаусыз мақтау жазып, әншінің назарына ілінгісі келетін оқырмандарын қара тізімге жіберуге асығады.
Меруерт Түсіпбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Шынын айтсам 150 мыңдай адам блокта тұр. Маған көп жазады сұлусыз, анау-мынау мен мүлдем оқымаймын жекеге жазған хаттарды мүлдем оқымаймын да және оларға реакция ноль.