Бір туынды арқылы бағы жанып, кино әлемінде жолы болған актерлар жетерлік. Мәселен, Жайдарман ойындары арқылы халыққа танылған әзілкеш Жахан Отарғалиев 34 жасына дейін түрлі кастингтердің табалдырығын тоздырған. Нәтижесінде ең алғаш «Свадьба KZ», «Кино по понятиям» фильмдеріне шақырту алып, бүгінде сұраныстағы актерлар көшін бастап тұр.
Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:
- Қазақстандағы белгілі продюсерлардың 60 пайызы хабарласты ғой. Келесі жылға ұсыныстар білдіріп жатыр, кейбіреулеріне мен өзім барғам кезінде мені қабылдаған жоқ. Солардың өздері звондаған кезде мен кәдімгідей Аллаға шүкір деп қаламын да.
Ақан Сатаевтың «Районы» лентасы арқылы бір күнде танымал болып оянған Елтерес Нұржанов болса, әуелде басты рөлге дәмеленбеген де. Күн көріс үшін нәпақасын түсірілім алаңынан іздеген ол, режиссердің көзіне түсіп бағы жанады.
Елтерес Нұржанов, актер:
- Анам «фильмнің кастингі болып жатыр, массовкаға түсіп, жоқ дегенде күніне 30 мың табасың, бар»,- деп жіберді. Негізі барғым келмеген, амалсыз келістім. Нәтижесінде, мені басты рөлге қабылдады.
Терри Тима болса, мұндай сәтті күнді біраз күткен. Бойындағы талантына сенген ол: «Актерлық білімімнің жоқтығынан кино әлемінің есігі мен үшін сол күйі ашылмай ма деп ренжіген уақыттарым көп болды»,-дейді.
Terri Tima, актер, вайнер:
- Көп әрекет жасадым бірнеше жылдай әртүрлі кастингтерге барып, почтаға жазып, суретімді жіберіп, видеоларды жіберіп, бертін 2018-2019 жылдары да кастингтерге барып өтпегем, менде де обида болған.
«Бақытсыздар бағы» телехикаясы арқылы танылған Әйгерім Қалмұратова да бұл жоба жұлдызын жаққанын жасырмайды. Сериалға дейін талай жыл ізденісте жүрген Әйгерім: «Мені байқап, кастингке шақырған продюсер мен режиссерға дән ризамын»,- дейді.
Әйгерім Қалмұратова, актриса:
- Бақытсыздар бағы атты сериал менің бағымды ашты деп айта аламын+02-32 содан бері, мінекей, алдарыңызда тұрмын көптеген сериал, фильмдерге түсіп жүрмін.