Жұлдыздардың біз білмейтін бизнестері қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде шығармашылықтан бөлек, жеке кәсіпті дөңгелетіп отырған танымалдар жетерлік. Мәселен, экс-Мистерионстық Арман Қоңырдың көлік жуу және жөндеу орталығы мен ерлерге арналған киім дүкені бар. Бұл басты табыс көзі болғандықтан, әнші аталған бизнестерін кеңейтуді жоспарлап жүр.

Арман Қоңыр, әнші:

- Онлайн деген нәрсені дамытып жатырмыз. онлайн жұмыс жасау, доставка деген нәрсе бар . Өйткені үйде отырсақ та сезон ауысады, көктемге күн жылиды. Мысалы біреуге киім керек болады деген сияқты. Соған біз дайын болу керекпіз. Енді жеке өзімнің бизнесімді айтатын болсам.

Дарья Александрова болса, Арман секілді кәсібіне жарнама жасап, кеңейте алмайды. Себебі актриса: «табыт жасап табыс табамын», - десе, көпшілік таңданатын көрінеді. Ал жерлеу қызметі Дашаның отбасылық, негізгі бизнесі болып шықты.

Дарья Александрова, актриса:

- Рекламировать это точно не буду здесь, Көбісі менің неге дәл осы кәсіп түрін таңдағаныма таңданады. Өйткені оны оқырмандарыма жарнамалай алмаймын. Маған жарнама қажет те емес. Өйткені адамдар бұл қызметке амалсыз жүгінеді.

Ал Кенжебек Жанәбіловтың кәсіпкер атануына карантин себеп болған. «Музарттық» өнерпаз бүгінде тәтті шоколад сатумен айналысады. «Қысыл-таяң кезең бір табысқа қарап қалмауға үйретті»,- дейді әнші.

Кенжебек Жанәбілов, «МузАрт» тобының әншісі:

- Енді қай жерде несібең болады, сол жерге барып жұмыс жасай берген дұрыс қой. Бір жұмысқа ғана қадалып қарап отырмау керек. Еңбек ету керек. Ол ер адамның парызы, еңбек етіп отбасын асырау.

Карантиннің әсерінен бизнесмен атанғандардың тағы бірі - Ғаділбек Жаңай. Әнші әшекей-бұйымдар жасап, көп қыз-келіншектің алғысына бөленіп жүрген жайы бар.

Ғаділбек Жаңай, әнші:

- Мен бұрын әнімді айтып, халықтың қошеметіне рақаттанып жүре беріппін. Ол жақсы. Бірақ тағы қандай қырлары бар адамның ашылмай жатқан. Бұл карантин соны көрсетті. Біз басқа да жұмыстарға қолымыз келетінін.