Кезінде соққыға жығылып, экс-күйеуінен таяқ жеген Баян Алагөзова бүгінде тұрмыстық-зорлық зомбылық тақырыбын көтеріп жүрген белсенділердің бірі. Әйел адамның құқығы тапталмауы тиіс деген ол, краудфандинг арқылы қаржы жинап, осы туралы фильм таспалауды бастап кетті. Мақсатқызы, картинаның көрерменге ой салатынына әбден сенімді.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Өкінішке қарай, мен де зорлық-зомбылық құрбаны болғанмын. Ол менің өмірімдегі ең қиын сәттердің бірі. Бірақ бұл менің өмірім жайлы емес. Басты кейіпкер күйеуінен зәбір көрген барлық әйелдердің тақырыбын қозғауға түрткі болып отыр.
Зәбір көрген әйелдердің жағдайын Қанат Бейсекеев те өз туындысы арқылы көрсетуге тырысқан. Режиссердің «Жена» атты документалды фильмі көптің көңілінен шыға білді. Киногер әзірге картинаны толықметрлі етіп ұсына алмауын қаржының жоқтығымен түсіндірді.
Қанат Бейсекеев, режиссер:
- Мен көбінесе серіктес іздеймін. Документалды фильм таспалау үшін де үлкен қаражат керек, оған қолдаушылар керек дегендей. Солардың бәрімен өзім келісемін.
Айнұр Ілиясова да «Бөпе» атты қоғамдық қорын ашып, отбасылық проблемаларды көтеріп жүрген санаулылардың бірі. Актрисаның да әлеуметтік іске белсене араласуына зорлық-зомбылық көрген әйелдердің жағдайына бейжай қарай алмауы.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Біздер Алматы әкімдігінің жанындағы «әйелдер және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия» мүшелері «Родник» қорымен бірлесіп, «карантин без насилия» деген флешмоб өткізген болатынбыз.
Бұдан бөлек, тележүргізуші Динара Сәтжан да инста-парақшасында нәзік жандылардың құқығын қорғауда белсенділігімен көзге түседі. Медиатұлға талай танымалмен тікелей эфир өткізіп, бұл тақырыптың назарсыз қалмауына барынша ат салысып жүр.