Louis Vuitton кезекті ерлер коллекциясын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Вирджилу Абло Louis Vuitton-ның кезекті көрсетілімін тағы бір перфомансқа айналдырғандай! Жаңашылдыққа жаны құмар дизайнер ыстығы басылмаған топтамасын 15-минуттық ерек видеоға топтастырған-ды. Диджитал форматта ұсынылған тұсаукесер фэшн сыншыларының өзін таңқалтқандай.

Фильмнің кадрлары Швейцариядан басталып, сахнада жалғасады. Бұл жолы сән үйі Джеймс Болдуинның «Stranger in the village» эссесінің тақырыбын ту еткен. Қара нәсілділер, асыққан адамдар, үлгілердегі «турист әлде әнші», «бір уақытта бір жерде» жазулары, зәулім ғимараттар принттері. Қысқасы, автор бір видеода бірнеше мәселені көтергісі келгендей.

Тұсауы кесілген үлгілерге келер болсақ, коллекциядан ер азаматтар керегін табары анық! Тренч пен бомбер, смокинг пен джинсы, тоқылған жемпірлер, тіпті топтамада белдемшелер де бар. Ал модельдердің қолына ұстаған сөмкелері еріксіз ел назарын өзіне аударады. Әсіресе, күміс түсті кейс келер маусымның трендіне айналары сөзсіз.