Жұлдыздар желідегі алаяқтар құрығына түсуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас сынды виртуалды ұрылар құрығына Тәуекел Мүсілімнің жары да түскен еді. Желі қарақшылары Махаббаттың 177 мың фолловері бар парақшасын бұзып, жұрттан анасының отасына ақша аударуын өтінген. Көп ұзамай актер сүйіктісінің аккаунтын хаккерлердің көмегімен қайтарып алды. Әріптестері арасында дәл осындай жағымсыз жағдайдың жиілегенін байқаған экс-Джейрандық Фариза Ескермес алаяқтарды заңды түрде жазалағанын қалайды.

Фариза Ескермес, әнші:

- Енді атың шыққан адам болғаннан кейін инстаграмда біраз оқырманың болғаныннан кейін сенің парақшаңды басқа адамдар алып алып елден ақша жинаса білмеймін енді . Оған заң түрінде штраф қою керек шығар мүмкін, ол адамды тауып алып. Бірнәрсе істеу керек ондай адамға, ол дұрыс емес.

Кезінде алаяқтар Асылхан Төлеповті де айналып өтпеген екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын инстаграм парақшасынан айырылып қалған актер, бүгінде жаңа аккаунтында белсенді. «Амалдың жоқтығынан интернетсіз жүруге етім үйреніп еді», - дейді ол.

Асылхан Төлепов, актер:

- Негізі көп уақытты алатыны сол инстаграм сияқты. Сол кезде бұзып тастағанда 1,5 айдай жүрдім. 3-4 күндей жүрдім интернетке кірмей-ақ. Оған да үйренуге болатын сияқты.

Асылханмен ұқсас жағдайға тап болған Рамазан Амантай бұрынғы парақшасын әлі де қимай жүр «Менің 30 мыңнан аса шынайы оқырманым өзіме 3 млн-дай болып көрінетін», - дейді ол. Бүгінде актер аляқтардың құрығына түспес үшін парақшасымен айналысатын арнайы адамды жалдап қойған.

Рамазан Амантай, актер:

- Менің бірінші парақшам взломмен кетті, екінші парақшам өзім жүргізіп жатқан өзімнің қолымда. Ол енді толық қорғалған. Ол парақшамен айналысып жатқан адам бар. Ол енді өнер жолымда басталғаннан бастап өзімнің шынайы көрермендерім жиналған, өзіме ыстық парақша тұғын, бірақ енді амал жоқ.

Еске салсақ, актер Ерік Хамидуллаев та осыдан бір ай бұрын алаяқтар кесірінен 200 мыңға жуық фолловері бар аккаунтынан айырылып қалған-ды. Алайда, Ерік бүгін ресми парақшасын қайтарып алғанын қуана мәлімдеді.