Айқын Төлепберген тойлардың әлі де тоқтап тұрғанына қарсы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинде табыссыз қалған Айқын Төлепберген он айдан бері мерекелік кештер мен тойға шектеу қоймауын талап етіп жүр. Әнші кинотеатрлар мен сауда орталықтарының ашық екенін, алайда неліктен халықтың қуанышына рұқсат жоқтығын түсінбей әлек.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Мемлекет қанша рұқсат етпесе де, бәрібір адамдар істейтінін істейді. Үйде болсын істейді, ресторанда болсын 50 адамға дейін, 100 адамға дейін болып істеп жатады. Сондықтан тойды тоқтату мүмкін емес.

Төлепберген-тегі бүгінде қаржыдан қағылғанын жасырмайды. «Қазақ тойсыз отырмайды», - деген ол талапқа құлақ аспай, қуаныштарын атап өтетін жандардың барын алға тартты. Оның пікірінше, шектеу күшейген сайын, жемқорлық та көбейе түседі екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Оны тоқтатқаннан гөрі, оны ақырындап шектеумен ақырындап жақсы бір заңдылықпен жасау жағын қарастыру керек деп ойлаймын. Бәрібір қазір тойлар болып жатыр.

Нұрболхан Шарапов та Айқынның сөзіне қосылады. Асаба әрі әзілкеш: «Шектеуге бағынып жатқан халықты көрмедім»,- дейді. Тіпті, өзі де карантин уақытында 300 адамға дейін жиналған тойдың куәгері болған екен.

Нұрболхан Шарапов, асаба, әзілкеш:

- Той ашылса да, ашылмаса да болып жатыр ғой. Кішігірім болмаса да, 200-300 адамдық тойлар болып жатыр. Оған барып та жүрміз. Егер менен сұраймын десе, келсін айтып берем бәрін. Жоқ, ұсталып қалам деп қорықпаймын мен.

Осылайша Шарапов: «Карантинның кесірінен табысынан айырылған той саласының өкілдеріне сабырлық тілеуден басқа амалым жоқ», - деп қайырды.