Су жаңа бейнебаянның кадрларын тамашалаған көрермен, туындыдан жаңашылдық байқағаны анық. Алайда ұжым клиптың толық нұсқасын онлайн концерттен кейін ұсынуға асықпады. Есесіне, жігіттер «Жыл фиты» аталымына үмітті ИК-мен каллобарациясы туралы айтып берді.
Ninety One тобы:
- Бұл өлең келеді ИК-мен жазуға. Кәдімгі бізде андай бір симбиоз мүмкіндігі бар, өйткені ол өлеңнің характері андай түсінесіздер өздеріңіз шыққан кезде. Бұл өлеңнің тақырыбы характері екі командаға, 2 командадан да өзінің резонациясын алып отыр.
«Ирина Кайратовнамен тандем орнату қиын болмады», - дейді 91. Оның үстіне, q-pop өкілдерінің өзі ИК-ның жанкүйерлері екенін жасырмайды.
Ninety One тобы:
- Жаңағыдай бір ойдан шыққандықтан бір түсінікпен келгендіктен осындай коллаб болады деген шешімге келдік. Ұсыныс тастадық, ұсыныс қабылданды. Жұмыс жүріп кетті.
Алайда, q-pop өкілдері ұсынатын каллобарация мұнымен шектелмейді! Болашақта Ninety one-дықтар Оңтүстік Корейлік танымал «Mamamoo» гелзбендімен ортақ трек ұсынбақ.
Ninety One тобы:
- «Mamamoo»-мен фит жазып тастаған болатынбыз. «Girls Like You» деген трек, одан кейін олардың атынан «Man Like You» деген екеуінің қосындысы. Бірақ алайда карантиннен болып бәрі бұзылып қалды олар бізге қалай запиське келе алмай қалды, сол студия бәрі жабық болып қалды ғой карантинде, біз барайық десек бара алмай қалдық сүйтіп жаңағы фит кішкене шегеріліп қалды.
Биыл бесжылдықты атап өткен 91-ліктер алдағы уақытта аудиториясын кеңейтпек ниетте. Ол үшін ұжым өзге тілде ән салуы да әбден мүмкін.
Ninety One тобы:
- Әрине біз басқа тілде ағылшынша, орысша да немесе тағы басқа тілдерде өлең айтуға, әндетуге дайынбыз, бірақ та ол үшін де біздің ішкі дайындық тәжірбие сол тілді ойланып білу керек сияқты. Сондықтан да осындай эксперименттер арқылы жетеміз деген ойдамыз. Әзірге бір жәй эксперимент қылып жасаған трек бар орысша.
Ал «Ninety One» атап өткен трек - «Lai» композициясы. Туындының бүгінде орыс тіліндегі нұсқасы дайын көрінеді. Қысқасы, жігіттер бұл күндері қызу жұмысқа кіріскен. «Ұсынарымыз көп, бастысы бізбен бірге болыңыздар», - дейді олар.