Ең алғаш, «той әншісі мен q-pop әншісі көңіл қосты» деген қауесет мына деректерден кейін пайда болған-ды. Көптің күдігі басылмастан, Ерке мен Азаматқа қатысты тағы бір айғақ таралып үлгерді. Қырағы көз инсайдерлер ұсынған фотолар арқылы, жұлдызды жұптың қазіргі сәтте Дубайда демалып жатқанын байқауға болады. Тіпті, Есмаханның парақшасында оны экс-Ninety one-дық мембермен көргенін жұрт жарыса жазуда. Алайда, қос тарап па бұған қатысты әзірге жұмған аузын ашпақ емес.
Аян Өтепберген Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударды! Актер бұл жаңалығын инстаграм парақшасында мәлім етті. Өтепбергеннің астанаға көшуіне жаңа қызметі себеп болса керек. Өнер иесі елоардадағы «Музыкалық жас көрермен театрының» құрамына қабылданған. Бүгінде ол жуырда тұсауы кесілетін «Абай-Тоғжан» спектакліне дайындалуда.
Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың шаңырағынан сүйінші хабар! Өнерлі отбасы екінші рет сәбилі болмақ. Шардарова бұл жайында инстаграм парақшасында хабарлап, жанкүйерлеріне жағымды жаңалығын жеткізді. Еске салсақ, Альбина мен Бауыржанның Жасмин есімді қызы бар.