Меруерт Түсіпбаеваны ренжітіп жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Албасты», «оңбаған», «ұятсыз»! Мұндай сөздер Меруерт Түсіпбаеваның инстаграм парақшасына жиі жазылады. Жағымсыз комментарийлерге еті әбден үйренген әнші, бұл күндері хейтерлермен күресудің өз әдісін тапқан.

Меруерт Түсіпбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Оқырманның деңгейі әр түрлі ғой. Ол жас ерекшелік те әр түрлі сол үшін кейде біз бір-бірімізді түсінбей жатармыз. 08:01 Шынын айтсам 150 мыңдай адам блокта тұр. Мен жаңағы оқырманның санын қумай, егер маған «албасты» немесе тағы да сондай сөздер жазса, мен оларды «онда не істеп отсын» деген сияқты блоктап тастаймын.

Есесіне, Меруерт Түсіпбаеваның өзі әлеуметтік желіні қоғамдағы түйіткілді мәселелерді қозғайтын ашық алаңға айналдырған. Енді ол инстаграм арқылы зорлық-зомбылық, әйелдердің құқығы сынды тақыптарын көтермек. Қысқасы, өнер иесінің бұл күндері қолы қалт босамақ емес.

Меруерт Түсіпбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Дәл қазіргі уақытта мен Құрмағазы атындағы консерваторияда сабақ беріп жатырмын. Одан кейін, шынын айтсам қазіргі уақытта мен біраз қоғамдық жұмыспен айналысамын.

Меруерт ханымның «қоғамдық жұмыс» деп астарлап жеткізгісі келгені – қайырымдылық. Түсіпбаева, біраз уақыттан бері жарым-жан адамдарға қолдау көрсетіп келеді. Десе де, әнші шығармашылығын да ұмыт қалдырмақ емес. Айтуынша, дуэт жазайық деп өтініш білдіретін жастар көп.

Меруерт Түсіпбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Аргоня хабарласты, одан кейін Бекболат деген жас әнші бар, Астанада тұратын. Ол да хабарласты. Енді көреміз оны. Дәл қазіргі уақытта творчестваға, творческий отпуск.

Әншіліктен бөлек, Меруерт енді өзін сән әлемінде сынап көрмек. Түсіпбаева жеке брендін қалыптастырып, алғашқы коллекциясын ұсынбақ.

Меруерт Түсіпбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Құдайға шүкір сондай киіміміз керемет. Мен шынымды айтсам парақшада ашқан жоқпын, бірақ менен көріп және менің достарымнан көріп менің инстаграм парақшамнан көріп қазір 12 киімді Америкаға, жібереміз. Қазір сондай қызу жұмыс жүріп жатыр.

Әншінің топтамасы әйелдерге арналған спорттық киім үлгілерінен тұрады. Түсіпбаева коллекциясының арулар арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.