Тамара Асар, Төреғали Төреәлі, Ғәділбек Жаңай мен Кенжекбек Жанәбілов «Иль-Куатролықтардың» жаңа бейнебаянында жүздесті. Жігіттер әуел баста бұл құрамда вайнерлердің де болғанын қалаған. Осылайша олар танымалардың арқасында халық арасында өздерін әйгілі ете түспек.
«Il Quatro» тобы:
- Иә, ойымыз көптеген вайнерлерге кеп тірелген болатын. Өйткені халықтың жастардың көңілін таба білетін және де көп жерде трендте жүретін ол жастар болғандықтан біз оларды аламыз деп шештік.
Алайда желі жұлдыздары атынан жалғыз Нұрсұлтан Жақсыгенді байқадық. Жайдарман ойындары арқылы танылған ол бүгінде «өздеріне» сұраныс артқанын мойындайды. Тіпті, кейбір жарнамалық вайнның ақысы жарты млн-нан асып жығылатын жасырмайды.
Нұрсұлтан Жақсыген, вайнер, актер:
- Шынымен де қазір өзінің историясы бар, постқа рекламасы болсын ақшалары бар. Енді қазір аузымызды ашып көрген емеспін. Бейнебаян жарық көру үшін, просмотр жинау үшін көп блогерлерге сүйеніп жатады. Мен де екі қолымды көтеріп келісуге дайынмын. Ең бастысы ақшасын төлемесе де, шайын беріп шығарып салса да болды ғой.
Ұжымның ана туралы клипіне тегін түсуге қуана келіскендердің тағы бірі - Ғаділбек Жаңай мен Тамара Асар. Қос өнерпаз да жастарға қолдау көрсетуді құп көреді. Тамара ханым тіпті: «Мен арқылы танылып, көрермен клипті көрсе қуаныштымын»,- дейді.
Тамара Асар, әнші:
-Бұл бейнебаянның түсірілімінен түгелдікті байқадым, түгенделгендігімізді байқадым. Қазақтың қай азаматы не істесе де келесісі қолдау керек деп есептеймін. Сондықтан бүгінгі Иль-куатро тобына сәттілік тілеймін.
Ғаділбек Жаңай, әнші:
-Менің өзімде ана жоқ. Менде мүмкіндік жоқ мұндай бейнебаянға түсіретін анамды, ал біреулерде мүмкіндік болып тұрса сол жақсылыққа атсалысуға менде мүмкіндік барда.