Падемияға қатысты ахуал өнер өкілдерінің өзін алаңдатып жүргендей. Бірі 2020 жыл коронавируспен қош айтысамыз деп сенсе, енді бірі карантиннің екінші толқынына сақадай сай көрінеді. Мәселен, актер Рүстем Жаныаманов кез-келген жағдайға ең алдымен моральды тұрғыда дайын болуға шақырады.
Рүстем Жаныаманов, актер:
-Ең әуелі мен өз-өзіме айтым, паникаға берілмеу керек не болса да. Бәрі болды продукты жеткілікті, бірақ дегенмен мен жаңағы 5 келілеп ұнды мүшегімен алып деген сияқты сөйтіп дайын болдым.
Фариза Ескермес қаржыдан қысылмас үшін, өнерден бөлек жеке кәсіптің басын ұстаған. Карантиннің алғашқы толқынында тығырықтан оңай шыққан ол, «қара күнге» деп ақша жинап қоюды жөн көреді екен.
Фариза Ескермес, актриса:
- Басқа кәсіп бар менде, ия. Өнерге байланысты емес ол, басқа. Отбасымызбен кәсіп. Қаржылай кем дегенде жарты жылға дайын болып жүру керек қой. Өйткені кез келген жағдай болып қалуы мүмкін. Бүгін карантин, ертең басқа бірнәрсе болуы мүмкін.
«Несібеміз тек құдайдан»! Бұл - Мейрамбек Бесбаевтың ұстанымы. Ол әріптестері сынды өнерден бөлек басқа іспен айналысуға құлықсыз. Сондықтан ол: «Қандай қиындық болмасын, арты жақсылыққа ұласарына сену керек», - дейді.
Мейрамбек Бесбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Алла тағала несібемізді тауыспасын, құдай ешкімді аштан өлтірмейді. Тек әрбір нәрсеге әрекет жасау керек, әрине. Бірақ енді мен шынымды айтайын, бірнәрсені бірден бастап кетем деп айта алмаймын.
Осылайша, ҚР еңбек сіңірген қайраткері халықты артық дүниеге алаңдамай, сабырлы болуға шақырады.