Асылжан Сәбитұлы картинасын әкесімен алғаш таныстығынан бастаған. Жас режиссер жақынын көрмей өскен құрдастарының мысалдары негізінде лентада өзінің оқиғасын баяндайды. Фильм барысында Сәбит Әбдіхалықов ұлынан және қалған перзенттерінен жақсы әке бола алмағаны үшін кешірім сұрайды. Тың туынды көптің жүрегін елжіреткені анық. Оны тамашалағандардың бірі көзіне жас алғанын жазса, енді бірі Иманбаева ұлына жақсы тәрбие бергенін жарыса жазды.
Zineqen де өз тыңдарманын жаңа туындымен қуантты. Нью-скул әнші, «Асылым» атты трекке бейнебаян таспалады. Клипте басты рөлді әнші әрі Тикток жұлдызы Дарикорн сомдаған. Көпшілік Зинекенді «Найнтиуандық» Әлеммен салыстырып, тіпті клип локациясының 91-ліктердің «Señorita»-сына ұқсайтынын айтуда.
Ал Мәдина Сәдуақасова жеке өмірінде қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатқанын ашып айтты! Әнші желіде жаппай жағымсыз жазбалардың көбеюін жеке өміріндегі мәселелерімен балйнастырды. Сәдуақасова шынымен де жолдасымен араздасып қалғанын мойындады. Алайда бикеш жақын арада бәрі де оңаларына сенімді.