Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрында мереке! Тарихы тереңнен бастау алатын өнер ордасы 75-жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы күнде театрға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министры Ақбота Райымқұлованың өзі келіп, ұжым өкілдері мен күллі көрерменді құттықтап қайтты!
Бұл күні Со́мерсет Мо́эм пьесасының негізінде әзірленген «Театр» қойылымы ел назарына ұсынылды. Тың туындының режиссеры – Ольга Бобрик. Ал басты рөлді, яғни Джулия Лэмберттің образын сомдау Наталья Бардинаға сеніп тапсырылған.
Наталья Бардина, актриса:
- Кейіпкерім екеуіміздің тағдырымыз әртүрлі. Бірақ мамандығымыз бір. Ұққсастығымыз сол болғандықтан, рөлді алып шыға алдым. Қоылым бәріне ұнайда деген үміттемін.
Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан Ресбуликасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан назарбаев өнер ордасына құттықтау хат жіберіп, театр өкілдеріне төсбелгілер тағылды. Киелі шаңыраққа жарты ғасыр ғұмырын арнаған Татьяна Тарская: «Бұл мекен екінші үйіме айналды», - деп отыр.
Татьяна Тарская, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
- Өз басым 50 жылдан астам осы тетарда жұмыс істеп келем. Осыдан 45 жыл бұрын 7-ші қараша, соғыс аяқталған жылы ең алғаш тетарда «Қызыл телпек» спектакльі қойылған еді. Наталья Сацқа осы өнер ордасын ашқаны үшін алғыс!
Еске салсақ, орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры режисер Наталья Сацтың ұйытқысымен 1944 жылы құрылған еді. Содан бері, өнер ордасынан көрерменнің қарасы үзілген емес.