Меган Маркл көп ұзамай тағы ана атанады! Бұл жаңалық, актрисаның таблиодқа қатысты берген сотының, тұп-тура 9 айға шегерілгенінен кейін тарап кеткен. Меганның өзі бұл сұраққа: «Бәрі өз уақытымен», - деп екіұшты жауап қатқан. Сондықтан, эксклюзив күткен британдық басылымға тек күту ғана қалып тұр.
Меган Фокс экс-жары Брайн Остин-Гринға өкпелі! Актриса Брайнға: «Балаларды инстаграмың үшін пайдаланғанды қой», - деп ашулы жазба арнаған. Меганның пікірінше актер желідегі белсенділік үшін ұл-қызының суретін интернетке жүктеп жүргенге ұқсайды. Естеріңізде болса, жұлдызды жұп 15 жыл бірге өмір сүріп, биыл мамыр айында ажырасып кеткен болатын.
Бред Питт пен Анджелина Джоли тағы голливуд назарында! Жақында ғана сәнбике – Николь Паруальский есімді сүйіктісімен айырылысқан Бредті АҚШ-тық папарацци, Энджидің үйінде жүрген жерінен суретке түсіріп алған. Әзірге қос тарап та бұл жағдайға қатысты еш пікір білдірмей отыр.