Қызы Марйамды құтты орнына қондырған Ақан Сатаев құдасының қара шаңырағында қонақ болды! Бұл күні төрге шыққан режиссер мырзаға дәстүрге сай шапан да жабылған көрінеді. Киногер өз парақшасында Кегендік құдасы етін асып, қымызын құйып, тіпті домбырамен ән айтып барынша көңілін аулағанын айтты.
Шоу-бизнестегі орамалды арулар қатары Ақбота-Нұрмен толықты. Экс-кешьюлік бикеш имиджін толығымен өзгертті. Актриса сондай-ақ, инстаграм парақшасындағы барлық суреттерді өшіріп, өмірін жаңадан бастамақ ниетте. Ал Ақботаны бұл қадамымен ең алғашқылардың бірі болып Мөлдір Әуелбекова құттықтады. Еске салсақ, Әуелбекова да екінші рет тұрмысқа шығып, хиджаб таққан еді.
Мәдина Сәдуақасова да ерек образымен көпті таңдандырды. Алайда орамал тағып емес. Үнемі ізденіс үстінде жүретін әншінің – тинейджерлер стиліндегі киімі көптің пікірін екіге бөлді. Оқырманның бірі әртісті жаңашылдыққа құмар деп мақтаса, қалғандары «бұл Сәдуақасованың жасына сай емес», - деп, жағымсыз пікір жаудыруда.