Серік Ибрагимов отандық блогер мен вайнерлердің басын қосып, оларды сапқа тұрғызды. НННұрдәулет, Баха Пупер бастаған бір топ желі жұлдыздары әншінің жаңа бейнебаянында бой көрсетеді. Ибрагимов жаңа толқынмен коллаборация өзінің шығармашылығына оң әсер ететініне бек сенімді.
Серік Ибрагимов, әнші:
-Аудитория алмасу, көбінесе менің оқырмандарым енді үлкен, орта жас болғанымен, бұл кісілерде үлкендер аз болуы мүмкін. Кішкентайлар көп көруі мүмкін деген сияқты нәрселер, коллаборация ғой.
Алайда, Серіктің бұл қылығын құп көрмегендер де табылған. Карантин кезінде өзін вайнер ретінде байқап көрген әншіні, сахнадағы әріптестері әбден сынаған. Ибрагимовтың өзі болса: «Қазіргі заман вайнерлер мен блогерлердікі екенін мойындау керек»,- дейді.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Ең бірінші болып келіп, жүрегімді білдіріп, сендерді қолдаймын қашанда деп сол өзімнің инстаграмыма салған бетте біраз менің коллегаларым мені жеп қоя жаздады ғой кәдімгідей «ой, сен сондай болып кеттің ба не, сондай төменге түсіп кеттің ба не» деген сияқты. Енді құдайға шүкір барлығы маған шығады, через меня, Серік Аналармен сөйлесіп бере аласың ба деген сияқты.
Әрқайсысы 1млн-нан аса оқырманға ие вайнерлер болса, танымал әнші ағаларының клипіне тегін түсуге қуана келіскен. Мақсат – көк жәшіктен көріну.
Бақытжан Ақпаров, вайнер, әнші:
-Күшті ғой телевизордан көреді. Үйдегілер звондайды күшті клиптан көріп жатырмыз деп.
Нұрдәулет Бектұрсын, вайнер, блогер:
- Қазір ғаламтор телевидениемен бірдей деңгейде. Даже басқа елдерде мықты болып кеткен. Ббұл клиптің мақсаты өте жақсы, бұрынғы заманды қазіргі заманға істеп жатыр. Ал қазіргі заманда кім? блогер, жастар ғой енді. Сол мақсатпен Серік ағамыз бізді қосып отыр.
Клип марқұм әнші Нәби Аймұратовтың орындауында кеңінен танылған «Гүлімсің» әніне таспалануда. Серік жерлесінің қос бірдей әніне құда түскен көрінеді. Келесі жоспардағы туынды «Ең алғашқы махаббат» трегі.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Марқұм ағамыздың анасының алдынан өтіп және сазгер-ақын ағамыздың баласының алдынан өтіп. Сондықтан да бұл ән тарихи ән болғаннан кейін сондай бір мектептегі кездерді еске түсіреді. Сол бір сәт есте қалсын деген ниетпенен «Гүлімсіңдегі» проигрыштарын орнында қалдырдым. Сол нәрсені қазіргі таңдағы звуктармен алмастырып жасадым да шамам келгенше.
Бейнебаянда мектептегі бала махаббат хикаясы баяндалмақ. Басты рөлді НННұрдәулетпен бірге @aii_official атымен танылған блогер Әйгерім Абдуллаева сомдайды. Режиссер әрі идея авторы Мерей Маханов. Бейнебаян қараша айында көрермен назарына ұсынылмақ.