Шоу-бизнес өкілдері карантиннен кейін алғашқы кинопремьерада бас қосты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тимур Бақтыбаев үшін бұл продюсер ретінде таспалаған тырнақалды туындысы. Киноиндустрияға алғаш қадам басқан ол: «Фильмді түсірмес бұрын 2 жылдай дайындалдым», - дейді. Тіпті Тимур карантиннен кейін лентаны бірінші болып ұсынудан аздап тартынғанын жасырмайды.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- 100 пайыз болса да қорқыныш болады, киноң өте ма, халыққа ұнай ма деген. Ол қорқынышсыз, тәуекелсіз ешқандай жұмыс болмайды. Сондықтан да мен неге бірінші болып шығам дедім, себебі менің ойымша 7 ай бойы халық, көрермен киноны сағынған деп ойлаймын.

Тимурдың туындысы үшін алаңдауына толықтай негіз бар. Себебі, «Любовь на миллион» фильмінің командасы майталман киногерлерден емес, жастардан құралған. Мәселен, лента режиссері Олжас Ибраев үшін де бұл толқыметрдегі дебьюты болмақ.

Олжас Ибраев, режиссер:

- Негізі режиссер ретінде қоюшы режиссер ретінде алғашқы туындым. Бұған дейін тек оператор, сериалдар түсіргем. Картина жалпы махаббат жайында, ішінде біраз тақырыптар отбасылық құндылық, достық тақырыбы және де қарым-қатынас қой енді адами тұрғыдағы.

Комедияда байдың қызына ғашық болған кедей жігіттің оғқиғасы баяндалады. Ол әп-сәтте миллиардер атанып, бар ақшасын арманындағы аруды қарату үшін жұмсайды. Басты рөлдерді Жахан Отарғалиев, Дина Тасбулатова, Ернар Сақупов және Гүлнар Сильбаева сомдады.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Бұл фильмге түсуге келіскен себептерімнің бірі, мен жастарды қолдағым келеді. Картина авторлары киноиндустрияға енді қадам басты. Оның үстіне мен шашымды күлгін түске бояп көргім келетін.

Премьераға келген қонақтардан, дәл осы кинодағыдай кезінде сүйіктісі үшін қандай жакештілікке барғанын сұрап көрдік. Жұлдыздар ғашығы үшін қолда барын беруге әзір ме?

Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:

- Шыны керек мен үлкен романтикпін. Мен Айнұрды өзіме қарату үшін істемегенді істедім ғой. Бірнеше рет айтқан болатынмын 8 ай артынан жүрдім, 2 рет жоқ деген.

Бауыржан Сатов, тележүргізуші, актер:

- Келіншегіме арасында сыйлық жасап тұрамын. Ол міндетті түрде, онсыз болмайды. Өзіміздің жаңағы арамыздағы, бір кішігірім сондай үрдісіміз бар.

EQ тобы:

-Қыздарға көңіл бөлу керек, қыздарға кішкене болсын гүл сыйласаң да, өзіндік бір ерекше күн болады олар үшін, внимания ғой қыздарға.