Отандық әзілкештер атышулы Боратқа креативті жауап қайтарамыз деп шешті! Мейірхан Шерниязов, Мейіржан Түребаев, Әзім Саидбаев бастаған актерлар «Саша Барон Коэн» бейнеленген дәретхана қағаздарын шығаруды бастап кеткен. «Бұл ісімізбен оның орнының қайда екенін көрсеткіміз келді», - дейді «Патрульдік» Мейірхан.
Мейірхан Шерниязов, актер:
– Біз әрине Бораттың біз туралы кино түсіріп жатқанын естідік те, жауап беріп жатырмыз қолдан келгенше. Біз негізі Боратқа рақмет айтамыз дұрыс па? Рақмет осындай идея беріп жатқаныңызға. Осындай күшті бір бизнеске идея беріп жатсыз. Қазақстанда бұйыртса миллион қағаз шығады. Алғашқы миллионның бірінші 300 мыңын тапсырыс беріп қойған Қазақстанда. Бағасы жағынан арзан болады. Тегін де ала берсе болады.
Талай телехикаяға сценарий жазып жүрген олар: «Арзан әзілге, арзан қағаз», - дейді. «Саша Коэнның орынсыз қалжыңы шымбайға батты», - деген жігіттер, мұнымен тоқтап қалмайтындарын айтады.
Мейіржан Түребаев, актер:
– Негізі бізге мынау Бораттың екінші бөлімі қатты әсер етті. Енді үшінші бөлім шықса, онда мен мүшеқап шығарамын. Дайын бол, Борат! Аямаңыздар, сүрте беріңіздер, сүрте беріңіздер.
Ащы ашуларын, қалжыңмен жеткізгісі келген отандық актерлар: «Фильмнің бірінші бөлімін көрмедік», - дейді. «Екіншісін де көруге құлық жоқ», - деп кесіп айтты.
Мейірхан Шерниязов, актер:
– Біз көрген жоқпыз. Өйткені көрсең, жынданатын сияқтымыз. Біз оның киносын көрсек, мынадай қағаздар емес, басқа заттар шығарып кетеміз сразу. Абсолютно, анандай запретный.
Ал әзілкештердің бұл бастамасын халықтың бірі қолдаса, енді қалғаны «дұрыс емес» деп баға беруде.