Жасы мен кәрісі, қарапайымы мен танымалы түгел тіркелген инстаграм осыдан тура 10 жыл бұрын ашылған. Тіпті, бүгінде бұл әлеуметтік желіні табыс көзіне айналдырғандар да жетерлік. Соның бірі – Нагимушаның аталмыш платформаға айтар алғысы зор.
Нағима Настевич, вайнер:
- Сізден жаңа ғана бірінші рет естідім негізі ондай күн бар екенін, жоқ. Мен енді карантин бізде 4 жарым – бес ай болған шығар, сол бес айдың ішінде өтірік айтпай-ақ қояйын бір 2 млн теңге тапқан шығармын. Мен үшін ол үлкен ақша.
Елдос Калабок та инстаграмның туған күні туралы білмейтіндер қатарында. Алайда әзілкеш: «бұл желіге қашан тіркелгенін ұйықтап жатқанымда, оятып сұраса да шатаспай айтамын»,- дейді.
-2013 жылы 9 сентябрь күні инстаграм желісіне тіркелдім. Оны жақсы есімде бар. Сосын 57 подписчик болған кезде алғашқы видеоны салдым. Сосын видео түсіріп жүрдім да, видеода комментарий фотоға қарағанда көп болды, содан кейін видео бастап кеттім.
Ал кейіннен отбасылық тақырыпта контент ұсынған Калабок, инстаграммен ақша табуға болатынын ұққан. Бүгінде ол желі арқылы түрлі кәсіп ашып үлгерген.
Елдос Қадірханов, вайнер:
-Қазіргі таңда инстаграмнан маған түсіп жатқан пайда жалпы түсіп жатқан пайданың примерно бір 30 пайызы. 70 пайыз менде кәсіптен түседі.
Жеке парақшасы брендке айналып, профилі миллиондап қаржы әкелетініне сенімді болғандардың бірі – Жека Фатбели. Танымал вайнер бүгінгі табысының 90 пайызы инстаграмнан түсетінін мойындайды. Жеңіс ең алғаш парақшасы арқылы 5 млн теңге тапса, көп ұзамай ол сумма 4 есеге өскен.
Zheka Fatbelly, вайнер:
- Ақша табам деп келдім мен. Анандай болған жоқ, ойбай мен әшейін істедім, сосын ақша алып келді. Жоқ, мен естідім, балалардың ар жақта 120 мың теңге алып жатқанын рекламаға 2015-2016да. Сөйтіп шықтам да, барып істедім ғой. Соны естімегенде түсірмей-ақ жүре беретін ба едім.