Блогер әрі вайнер 18 жасында тапқан табысын 1-2 жылдың ішінде 4 есеге дейін өсірген. Бір ғана жарнама арқылы 22 млн теңгеге кенелгенін айтқан Жеңіс, қалтаны қалыңдату өз қолыңда дейді. Айта кеткен жөн, Жека вайндарынан бөлек, орындаушы ретінде Itunes чартында да топ жарған болатын. Бұл да тасының өрге домалағанының белгісі.
Ал Скриптонит ресейлік «Мумий Тролль» рок- группасымен ерек коллаборация ұсынды. Әділ Жәлелов пен танымал топ орындаған туынды «Кутить» деп аталады. Сингл «Мумий Тролль-дің» жаңа «Призраки» мини-альбомына еніп, тыңдарман қауымды қуантты. Скрипи тректің тек қайырмасын ғана орындаған. Дуэтке тамсанған жанкүйерлер алдағы уақытта Жәлеловтен Земфирамен коллаб жасауын сұраған.
Аружан Жазылбекова кәсібін ауыстырды. Актриса алғаш рет өзін диджей ретінде сынап көрді. Бикеш тәуекелге бел буып Алматы қаласындағы түнгі барлардың бірінде барын салды. Ал келген қонақтардан түскен қаржыны Жазылбекова көпбалалы отбасының біріне қайырымдылық жасауға ниет еткен.