Иә, бұл 2006 жылы шыққан атышулы «Борат» фильмінен үзінді. Сюжет желісі бойынша қазақстандықтар қи өндіруден бірінші орынға шыққан, 2003 жылдан бастап әйелдерге автобуспен жүруге рұқсат берген демократиялық ел және басты кейіпкер Бораттың ағасы ақыл есі кем ауыру, ал әпкесі жеңіл жүрісті.
Аталмыш сюжет желісі көптеген қазақстандықтардың шамына тигені сөзсіз. Бұған қатысты Отандық шоу-бизнес өкілдері де шеткері қалмады. Әли Оқапов: «Бүтін бір ұлтты жабайы деу қате», - деп қысқа қайырды.
- Иә әрине естідім. Бәрі айтып, шулап жүрген фильм ғой. Еш бөлімін көрмедім. Көргім де жоқ. Сатираға құрылғаны белгілі, сондықтан тек ашуланып, даурықпай ішінен көрген кем кетігімізді де түзеген жөн сияқты. Шет елде жүрген Отандастарымыз өзге ұлттың көзіне солай көрінбес үшін, мәдениетті болғанымыз абзал.
Ал Санжар Мәдиевтің пікірі мүлде басқаша. Актер: «Кино жайлы көп айтып оған жарнама жасап жатырмыз», - дейді. Бірақ Мәдиев лентадан намысқа тиетін ештеңе көрмепті.
Санжар Мәди, актер:
- Меніңше, тек күліп қана қарау керек. Аптығуға себеп көріп тұрған жоқпын. Алғашқы бөлімдегі оқиғалардың орындалғанын бәріміз білеміз ғой. Елімізде болып жатқаннын бәрі, фильмде көрсетілген. Күле салу керек, болды.
Атышулы туындының екінші бөлімінде ойнауға, Отандық боксшы Геннадий Головкинге де осыдан бір жыл бұрын ұсыныс түскен екен. Бірақ былғары қолғап шебері картинада күлкі ештеңе жоқтығын айтып бас тартқан.
Геннадий Головкин, боксшы:
– Әрине фильм жайлы естідім. Ондағының бәрі жалған және күлкілі жерін көрмедім. Негізі Қазақстан ондай емес.
Бірақ Батыстық өнер өкілдері, оның ішінде: Ким Кардашьян, Орландо Блум, Джим Керри киноның және актердың теңдессіз екенін айтып, миллиондаған аудиториясына жарнама жасауда. Фильмнің алғашқы бөлімі 18 миллион долларға түсіріліп, 262 миллионға жуық қаражат тапқан. Бүгінде лентаны Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған.