Бұл жайында бикеш инстаграмдағы парақшасында мәлім етті. Әзірге жас ана оқырман пікірімен ақылдасып, дайындыққа кіріскен. 33 жасында тұңғышын бауырына басқан Луина таяуда ғана ұлы Давидті қазақы дәстүрмен қырқынан шығарды. Инстаграм парақшасында «40 қасық суға шомылдырып, барынша салтымызға сай жасауға тырыстым» деп бөліскен. Ал, бүлдіршіннің кіндік шешесі Мақпал Исабекова болса, маңызды сәтте ананың да, баланың да жанынан табылған көрінеді. Енді Лу, Давидті жақын арада сүндетке отырғызып, нағыз жігіт атандырмақ.
Актриса әрі режиссер Іңкәр Әбдіраш та ана атанды. Бикеш таяуда ғана ұлды болғанын жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Әбдіраштегі тұңғышының есімін Сардар деп қойған. Сәбидің бауы берік болсын.
Мадина Сәдуақасова әйгілі Дженнифер Лопеспен бәсекеге түсті. Бикеш Джей Ло бастаған сүлгімен фотосын қайталады. Тіпті Сәдуақасова оқырмандарынан таңдау жасауларын сұраған. Бірі қазақтың Мәдинасына ешкім жетпейді десе, енді бірі Джей Ло-ны мақтап шықты.