Скриптонит, The Limba, Райм мен Артур карантин уақытында трендтен түспеді! Талантты өнерпаздардың тректері музыкалық чарттардың көшін бастап, тіпті тик-ток желісінде топ жарды. Бүгінде бұл музыканттардан өзге қай әртістің әні сұраныста?
Бүкіләлемдік пандемияға қарамастан, The Limba үшін биылғы жыл жемісті болғаны анық. Жас өнерпаз Андромен қосылып шырқаған «X.O» трегінің арқасында ТМД-ға танылды. Тіпті, қос музыканттың бұл туындысы бірнеше ай бойы хит атанып келеді. Әсіресе ән тик-ток қолданушылары арасында аса әйгілі.
Әнші Райм да тик-токтың трендінен түспеді! Өнерпаздың 2018 жылы жарыққа шыққан «Двигаться» трегі карантин кезінде құлаққаптардан түспеді. Туындыға Ольга Бузованың өзі видео таспалаған болатын.
RaiМ, музыкант:
-Тиктокта менің білуімше бір қырғыздың жігіті сол биді билеген, содан кейін ары қарай басқа да жұлдыздар, ресейлік жұлдыздар, барлығы осы әнге билеп, бұл трендке айналған.
«Ninety One»-дықтар да пандемия кезінде шығармашылығын ұмыт қалдырмады. Мемберлер көптен күткен «Лай» трегіне муд видео түсіріп, тыңдармандарын қуантты. Жігіттердің бұл туындысы ютубтта бірден 1 млн-нан астам қаралым жинады.
Ал «iTunes» чартының көшін Скриптонит бастап келеді. Рэпер соңғы бір айда 10 шақты трек ұсынды. «Группа Скриптонит» командасымен шырқаған бұл әндердің барлығы да сұранысқа ие.
Мәдина Сәдуақасова су жаңа трек шығармаса да, ескі әніне жан бітіріп көпшілікті таңқалдырды. Өнер иесі 16 жылдық тарихы бар «Жұлдызды түнде» әнін жас әнші Тұрармен бірігіп орындаған еді. Бұл ерек коллаборация халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Сөздері мүлдем өзгертілген, подача басқаша, Тұрар кәдімгідей мықты екен. Оқығаны да жаңағыдай рэп. Барлығы тамаша, уау это новое дыхание деп.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жарық көрген Jah Khalib-тың тың туындылары да муызкалық чарттардан түспеген еді.