Айым сынды жолдасының талабын бұлжытпай орындауға әзір шоу-бизнес бикештері көп-ақ. Мәселен, экс-Кешьюлік Элизат Берікованың күйеуі енді оның продюсері атанып, сүйіктісінің шығармашылығын өз қолына алмақ. Тіпті, отағасы әйеліне түскен ұсыныстарды майшаммен қарайтын көрінеді.
Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:
-Ұсыныстар түсіп жатыр бірақ, ойдан шықпай тұр рөлдер. Кішкене бір жақпайды маған ол рөлдер және күйеуіме де ұнаған жоқ. Сондықтан түспейсің деді. Содан кейін жарайды дедім.
Мәдина Сәдуақасованың күйеуі болса, карантинде қатаң талап қойған. Шаңырақ иесі пандемия кезінде әншіні ешкіммен араластырмай, үйіне қонақ шақыруға тыйым салған. Ал Мәдина күні кешегі бейнебаянының түсіріліміне әрең сұранып шыққанын айтқан еді.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Артық адам үйге келмесін, біз де ешқайда бармаймыз, менің әке шешемді үш айдай, екі айдай барған жоқпын. Бүгін бейнебаян осылай осылай айтып едім, температурасын тексерсін деп. Сондықтан біз бұл жерге кірген кезде міндетті түрде барлығының температурасын өлшеп, әрқайсымыздың. Сөйтіп қарап кірдік.
Сондай-ақ, Олжас мырза Сәдуақасоваға әзірге ұшақпен ұшуға, адам көп шоғырланатын ортаға баруға тыйым салған.
Екінші жартысының рұқсатынсыз босағадан аттап шықпайтындардың бірі - Жадыра Құтпанова. Кезінде танымалдылығы шарықтаған әншіні бүгінде үлкен концерттерден көре алмайсыз.
Жадыра Құтпанова, әнші:
- Менің негізі жолдасым қарсы. Бірақ мені енді осындай керемет концертке жіберді. Иә, мен тұрмысқа шықтым. Екі кішкентай бүлдіршіннің анасымын. Мариям, Даниял есімді екі балам бар. Мариям бесте, Даниял бірге келді міне.
«Қысқасы, күйеуімнің разылы мен үшін маңызды», - дейді Жадыра.