Джиган мен Оксана сынды, қайта қосылған отандық жұлдыздар да жетерлік. Мәселен, кезінде Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет ажырасып кеткен еді. Жұлдызды жұптың араларына сыза түсуіне не себеп болды? Одан өзге шоу-бизнесте жұптары жазылып қайта қосылған әртістер кімдер?
Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов бүгінде үлгілі отбасы. Еске салсақ, жұлдызды жұп түрлі қиындықты бастан кешкен еді. Алғашында көпшіліктің сынына қалған Айдарқұловтар, ажырасуға арыз жазуға да бекінген. Ақбота түсініспеушіліктің туындауына өзінің де кінәсі бар екенін мойындайды.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші:
- Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық.
Индира Расылхан да кезінде өзінің күйеуі Асқар Ордабекпен ат құйрығын үзіскен-ді. Нақтырақ айтсақ, өнер иесі осыдан 5 жыл бұрын жарымен қош айтысқан. «Отбасымның шырқын бұзған шығармашылығым», - деген Индира бүгінде күйеуімен бірге.
Индира Расылхан, әнші:
- Өнер үшін кішкене отбасымды шамалы уақытқа құрбан етіп отырмын деп айтсам да болады.
Есесіне бүгінде Индира әлеуметтік желі арқылы күйеуіне деген құрметі мен махаббатын жиі білдіріп тұрады. Әнші тіпті трендтен қалмай жарымен тик-ток түсіріп көпшілікті тәнті етуде. Тіпті, өнер иесі бұрынғы келіспеушілікті еске алғысы келмейді.
Индира Расылхан, әнші:
- Ол нәрсені ойласам көзіме кәдімгідей жас келеді ғой.
Еске салсақ, Алтынай Жорабаева да Сәбит Әбдіхалықовпен бір рет айрылысып қайта қосылған-ды. Алайда төрт бірдей қызы бар жұлдызды жұп біраз уақыттан кейін ат құйырғын түбегейлі үзіп отыр.